10.03.2011, 15:10 3703

Халық банкі 28 наурызда мемлекеттен өз акцияларын сатып алуды жоспарлауда

Халық банкі 28 наурызда мемлекеттен өз акцияларын сатып алуды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 10 - наурыз. Kazakhstan Today - Халық банкі 28 наурызда мемлекеттен өз акцияларын сатып алуды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Халық банк пен оның мажоритарлық акционері - "АЛМЭКС" (Алмекс) Холдингтік тобы" АҚ "Самұрық-Қазына" Ұлттық Ил-ауқат қорынан 28 наурызда үкіметтік дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында 2009 жылы сатып алынған өзінің қарапайым акциялар пакетін сатып алуды жоспарлауда.

2009 жылғы наурыздың аяғында "Самұрық-Қазына" ҰИҚ 259 (жалпы жәй акцияларының 19,8%) миллион данадан аса банктің жай акцияларын, сондай-ақ 196 миллионнан аса айрықша құқықтық акцияларын сатып алды. Нәтижесінде банк капиталындағы қордың үлесі 26,81% құрады. Банк капиталындағы үлеске қордың төлеген жалпы сомас 60 миллиард долларды құраған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны