20.08.2012, 15:13 3219

Халық банкі І жартыжылдықта таза кірісін 50 пайызға арттырды

Қазақстанның халық банкі ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 2011 жылдың осы кезеңіндегі 21,100 миллиард теңге кіріспен салыстырғанда 31,610 миллиард теңге көлемінде кіріс тапты делінген банктің ХҚЕС бойынша шоғырландырылған есеп беруінде.

Алматы. 20-тамыз. Kazakhstan Today - Халық банкі І жартыжылдықта таза кірісін 50 пайызға арттырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның халық банкі ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 2011 жылдың осы кезеңіндегі 21,100 миллиард теңге кіріспен салыстырғанда 31,610 миллиард теңге көлемінде кіріс тапты делінген банктің ХҚЕС бойынша шоғырландырылған есеп беруінде.

Есеп беру кезеңіндегі банк активтері 13,5% - ға 2,581 триллион теңгеге дейін өсіп, қарыз портфелі 0,1% - ға, яғни 1,183 триллион теңгеге дейін қысқарған.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдықтағы банктің міндеттемелері 15,7 пайызға, яғни 2,272 триллион теңгеге дейін артты. Жекеменшік капиталы 0,7 пайызға, атап айтқанда 308,266 миллиард теңгеге дейін қысқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны