15.01.2013, 11:36 2974

Халық Банкі Қазақстан Ипотекалық компаниясына 14.3 млрд теңге заем берді

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ-на 14,3 миллиард теңге мөлшерінде заем берді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Астана. 15-қаңтар. Kazakhstan Today - Халық Банкі Қазақстан Ипотекалық компаниясына 14.3 млрд теңге заем берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ-на 14,3 миллиард теңге мөлшерінде заем берді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

"Заемдық қаражат бес жыл мерзімге, ҚИК-нің швейцариялық "Credit Suisse International" банкінен 2007 жылы тартылған валюталық кредитін қайта қаржыландыру мақсатында берілді. Нәтижесінде ҚИК өзінің "Credit Suisse International" банкі алдындағы міндеттемелерін толығымен орындап болды", - делінген ақпаратта.

ҚИК басшылығының мәлімдеуінше, валюталық заем қаражатын теңгеге аудару компанияға валюталық және деривативтік тәуекелдерді толығымен қысқартуға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде қаржылық қызмет нәтижесіне тиімді әсерін тигізеді.

Бекітілген транзакциялық іс-шараны жергілікті қаржылық институттардың мемлекеттік ірі жобаларды өзара тиімді талаптармен қаржыландыруға қабілеттілігінің шынайы көрінісі деп қарастыруға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны