03.02.2009, 15:40 2636

"Халық банкі" мемлекет бес жыл уақыт шамасында банктің акционері болады деп ойлайды - Қарабаев

"Халық банкі" мемлекет бес жыл уақыт шамасында банктің акционері болады деп ойлайды - Қарабаев

Алматы. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан Халық банкі" мемлекет бес жыл уақыт шамасында банктің акционері болады деп ойлайды. Бұл туралы банк басқармалары төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев бүгін өткен абспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекеттің банк капиталын иемденуді жоспарлап отырған мерзімі шектеулі. Мемлекет бес жыл уақыт шамасында банктің акционері болады деп ойлаймыз", - деді Д. Қарабаев.

"Қазіргі акционерлер акцияларды нарық бағасына кері сатып алу мүмкіндігіне ие болады деген уағдаластық бар", - деді ол.

"Халық банкі" банк басқармаларының төрайымы Үміт Шаяхметованың түсініктемесіне сәйкес, "мемлекеттің банктердің капиталына енуі жалпы алғанда оң процесс". "Біз көріп немесе естіп отырған жайттар басқа елдерде де болып жатыр, мемлекет банктердің капиталына енуде. Тұтастай алғанда бұл қаржы жүйесін тұрақтандырады және нығайтады", - деді ол.

"Альянс Банк" пен "БТА Банкке" қатысты оқиғаларға түсініктеме берген ол "Халық банкіне" қатысты жағдайдың мүлдем басқаша екенін, сауда-саттық процедурасының өзі заңдық тұрғыда басқаша екенін" атап өтті. "Біз өз еркімізбен капиталымызды 25% ұлғайттық. "Самұрық-Қазына" менеджментке де, банкті басқаруға да араласпайды. Біз ағымдағы режиммен жұмыс істейміз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны