08.08.2013, 15:07 4588

Халық банкіне 712 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

"Қазақстан Халық жинақ банкіне" бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу бойынша бұзушылығы үшін 711 мың 948 теңге көлемінде айыппұл салынды

Алматы. 8-тамыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан Халық жинақ банкіне" бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу бойынша бұзушылығы үшін 711 мың 948 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Ұлттық Банкі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу бойынша тексеру барысында кемшілік анықталған. Икімшілік жаза қолдану мерзімі ағымдағы жылдың 4 шілдесі деп белгіленген.

Сонымен бірге, Ұлттық банк ағымдағы жылдың шілде айына Халық банкінен де мiндеттеме-хат талап етілген. Сондай-ақ осындай бұзушылығы үшін "Верный Капитал" компаниясынан, "Груп 4 Инкассация" ЖШС-нан жылдық қаржылық есептілікті мерзімінде тапсырмағаны міндеттеме хат талап етілген.

Қазақстанның орталық банкі сайтында бүгін 2013 жылдың 1 - 31 шілдесі аралығында бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру бойынша қолданған санкциялары, ықпал ету шаралары бойынша мәліметтері жарияланды. Нәтижесінде "Казкоммерц-Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚы-, "Денсаулық сақтау мен Медициналық Сақтандырудың Қазақ Корпорациясы "Интертич" АҚ-ына аталған мерзімде атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама жіберілген. Бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселесі бойынша тексеруде кемшіліктер анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны