19.12.2014, 23:03 3867

"Халық ІРО" Бағдарламасы аясында "KEGOC" АҚ акцияларын қор нарығына орналастырудыӊ қорытындысы шығарылды

Науқан барысында "KEGOC" АҚ акцияларын алуға ниетті инвесторлардан жалпы құны 16 млрд. 675 млн. 918,6 мыӊ теӊгелік 41995 дана құнды қағазға тапсырыс түсті.

Астана. 19 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарашаныӊ 5-і күні басталған "Халық ІРО" Бағдарламасы аясында "KEGOC" АҚ акцияларына тапсырыс қабылдау науқаны тәмамдалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Науқан барысында "KEGOC" АҚ акцияларын алуға ниетті инвесторлардан жалпы құны 16 млрд. 675 млн. 918,6 мыӊ теӊгелік 41995 дана құнды қағазға тапсырыс түсті. Алдын ала жоспар бойынша жалпы сомасы 13 млрд. 130 млн. теӊгеніӊ акцияларын бастапқы саудаға шығару көзделген болатын. Осылайша сұраныс ұсыныстан 27% жоғары болды.

Жеке инвесторлардыӊ жалпы сомасы 9 млрд. 473 млн. теӊгелік тапсырыстары толық қанағаттандырылды. Сондай-ақ, маркет-мейкер "Halyk Finance" АҚ-ныӊ 202 млн. теӊгелік, ал "БЖЗҚ" АҚ-нан түскен 3 млрд. 454 млн. теӊгелік тапсырыс қанағаттандырылды.

Осылайша нарыққа шығарылған акциялардыӊ жалпы көлемініӊ 72,15% жекелеген инвесторлар, 1,54%-ы маркет-мейкерлер және 26,31%-ы "БЖЗҚ" АҚ үлесінде.

Жекелеген инвесторлар 14 мыӊ дана акцияға дейінгі мөлшерде 41965 дана акцияға тапсырыс берген. Бұл барлық жекелеген инвесторлардан түскен тапсырыстардыӊ 99,92%-ы. Бұл тапсырыстардыӊ орташа сомасы 428,5 мыӊ теӊге межесінде.

"Самұрық-Қазына" АҚ мен "KEGOC" АҚ ІРО-ныӊ екінші кезеӊіне қатысқан барлық мүдделі тараптарға, әсіресе брокерлік компанияларға айрықша алғыс білдіреді. Тапсырыс қабылдау қарқыны бойынша белсенді ат салысқандар қатарында "Қазпошта" АҚ (28,1%) 2,665 млрд. теӊгелік 13152 тапсырыс, "Freedom Finance" (25,6%) 2,428 млрд. теӊгелік 18787 тапсырыс, "BCC Invest" (12,8%) 1215 млрд. теӊгелік 479 тапсырыс, "Асыл Инвест" (8,1%) 771 млн. теӊгелік 702 тапсырыс және "Halyk Finance" (6,7%) 639 млн. теӊгелік 7 300 тапсырыс қабылдаған.

2014 жылдыӊ 19 желтоқсанында "KASE" қазақстан қор биржасында "KEGOC" АҚ акцияларыныӊ еркін сауда айналымы басталды

ҚР Президентініӊ тапсырмасы аясында Үкімет "Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ еншілес және тәуелді ұйымдарыныӊ акцияларын құнды қағаздар нарығына шығарудыӊ бағдарламасын әзірлеген болатын.

"Халық ІРО" Бағдарламасы мемлекеттіӊ еӊ ірі, әрі барынша тұрақты компанияларыныӊ акцияларын кезеӊ-кезеӊімен қор нарығына шығаруды көздейді. 2012 жылы бұл қатардан бірінші болып, "ҚазТрансОйл" акциялары қор нарығына шығарылды.

"Самұрық-Қазына" АҚ 2015 жылы "Самұрық-Энерго" АҚ акцияларын "Халық ІРО" бағдарламасы аясында қор нарығына шығаруды жоспарлады. Одан кейін, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен "ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК" АҚ акциялары қор нарығына жол тартады деп күтілуде.

"САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" ҰЛТТЫҚ ИЛ-АУҚАТ ҚОРЫ"

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны