23.08.2017, 19:13 4476

Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Ақмола облысыныӊ шаруаларына ғарыштық мониторингтіӊ мүмкіндігін көрсетті

Кеӊеске облыс әкiмi М. Мырзалин, аудан, қала әкiмдерi, өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасы, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы өндiрiстiк орталығыныӊ, Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығыныӊ мал шаруашылығы және өсiмдiк шаруашылығы Солтүстiк Қазақстан ҒЗИ өкiлдерi, ауыл шаруашылығы құрылымдарыныӊ басшылары мен аграномдарынан құралған 200 астам адам қатысуда.

Көкшетау. 23 тамыз. Kazakhstan Today - Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов ақмолалық шаруаларға ауыл шаруашылығы жерлерiне ғарыштық мониторинг жүргiзудiӊ тиiмдiлiктерiн түсiндiрдi. Бүгiн Целиноград ауданындағы "Родина" агро фирмасы" ЖШС базасында агроөнеркәсiп кешенiн дамыту мәселелерi бойынша ғылыми-консультативтiк кеӊестiӊ отырысы өтуде. Кеӊеске облыс әкiмi М. Мырзалин, аудан, қала әкiмдерi, өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасы, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы өндiрiстiк орталығыныӊ, Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығыныӊ мал шаруашылығы және өсiмдiк шаруашылығы Солтүстiк Қазақстан ҒЗИ өкiлдерi, ауыл шаруашылығы құрылымдарыныӊ басшылары мен аграномдарынан құралған 200 астам адам қатысуда.

Айдын Айымбетовтыӊ айтуынша, "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК базасында ғарыштық мониторинг жүргiзуге болады. Бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi түгендеу м?селесiн шешуге сеп болады екен. "Бұл жер телiмiнiӊ нақты аумағы мен шекарасын, мақсаты пайдалануын және көлеӊкелi қордағы жерлердi анықтауға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, жер телiмiнiӊ нақты картографиясына, егiстiктiк алқаптардыӊ жағдайына мониторинг жүргiзуге септiгiн тигiзедi", - дедi А.Айымбетов.

Өз кезегiнде облыс әкiмiнiӊ орынбасары Е. Каппель бұл тұрғыда Ақмола облысыныӊ бiрнеше ауданы бүгiнгi күнi "Қазғарыш сапары" ҰК бiрлесе жұмыс iстеп жатқанын айтты. "Исiресе, бұл сараптама ауылшаруашылығы жерлерiнiӊ тиiмдi пайдаланылып жатқанын, ондағы химиялық препараттардыӊ дұрыс қолданылуына дейiн анықтауға мүмкiндiк бередi",-дедi ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны