30.01.2008, 18:18 3603

Халықаралық валюта қоры 2008 жылы әлемдік экономика өсімі 4,1 % төмендейді деп болжауда

Халықаралық валюта қоры 2008 жылы әлемдік экономика өсімі 4,1 % төмендейді деп болжауда

Алматы. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық валюта қоры әлемдік экономика көрсеткіші 2008 жылы 4,1 % төмендейді деген болжам айтуда. Бұл туралы халықаралық валюта қоры баяндамасында айтылған, деп хабарлайды агенттік ХВҚ сайтына сілтеме жасай отырып.

ХВҚ мәліметтері бойынша, былтырғы жылдың үшінші тоқсанында қарқынды дамыған экономика көрсеткіштері әлемдік дағдарыстардан кейін төмендей бастады. Болжам бойынша, әлемдік экономика өсімі 4,9 % -дан биылғы жылы 4,1% төмендейді.

АҚШ экономикасының қарқыны өндіріс, тұрғын-үй, тұтыну сияқты салалары бойынша көрсеткіштер төртінші тоқсанда қатты баяулап кетті. Сондай-ақ, Батыс Еуропарада экономика өсімі азайып, индекс көрсеткіштері төмендеді.

Ал дамушы елдер арасындаы Қытай мен Индия байсалды макроэкономикалық саясаты есебінен, ішкі нарықтағы жоғары сұраныстан табыс тапты. Ал тауарды экспорттқа шығаратындар, азық-түлік пен отын құнының қымбаттауы олардың кірістерін өсірді.

ХВҚ мәліметтері бойынша, инфляция былтырғы жылдан бері барлық нарықта көтерілді. АҚШ федералды резервтер жүйесі ұлғайып бара жатқан тәуекелге қарсы тұру үшін, өзінің ставкаларын төмендетті.Ал орталық банктер экономикасы қарқынды дамып жатқан мемлекеттерде өздерінің валюталық саясатын қысқарта бастады. Оның үстіне ондай елдерде отын мен азық-түлік тұтыну себетінің көлемді бөлігін құрап отыр.

Осындай жағдайда экономикалық жүйенің алдыңғы қатарлы болжамдары төмендетілді. АҚШ -та экономикалық даму болжамының көрсеткіші биылғы жылы 1,5% қысқартылды.

ХВҚ болжамдары бойынша, дамушы экономиканың өсімі былтырғы 7,8%-дан биылғы жылы 6,9 % төмендейді.

Баяндамада айтылғанындай, валюталық саясат инфляцияның жоғарғы тәуекелдері мен экономика дамуының төмендігі арасындағы айырмашылық тепе теңдігін реттеуге байланысты өзекті мәселесі алдында тұр. Бәлкім, мұнай бағасының төмендеуі, инфляция ауыртпалығын азайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны