30.09.2008, 14:37 2896

Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша Қазақстан 2009 жылы экономикалық өсімді ұлғайта алады - Кәрім Мәсімов

Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша Қазақстан 2009 жылы экономикалық өсімді ұлғайта алады - Кәрім Мәсімов

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша Қазақстан 2009 жылы экономикалық өсімді ұлғайта алады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Дегенмен, әлемдік қаржы нарығындағы қыркүйектегі құлдырау қаржылық дағдарыстың әлі де аяқталмағанын көрсетіп отыр. Оның жаңа кезеңі басталатын түрі бар. Илемдік экономика жаңа қиындықтарға тап болмық. Қазақстан үшін отандық экономикалық жүйеге байланысы жоқ сыртқы кері әсерлер жалғасады деген сөз. Бірақ жағдайды тым әсірелеп, қара тұманды қаптатып қажеті жоқ. Ел экономикасының ахуалы тұрақты және бақылау аясында. Таяу болашақта сыртқы жағдай төтенше тұрақсыз болатындығына байланысты біз өзіміздің экономикалық саясатымызды өз күшімізге және ішкі ресурсқа арқа сүйей отырып құруымыз қажет",- деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны