08.09.2010, 15:16 3567

Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қосымша 6,4 млрд теңге бөлінеді

Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қосымша 6,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қосымша 6,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Нақтыланған бюджет аясында халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қосымша 6,4 млрд теңге бөлінеді",- деп хабарлады Б. Жәмішев.

Ол "бұл қаржының ауылдық елді-мекендерде тексеру жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа жобаларды жүзеге асыруға және сумен қамтамасыз ету жүйелерін салуға жұмсалатындығын" түсіндіріп өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны