25.05.2012, 17:56 3454

"Халықтық IPO" бағдарламасы 2012 жылдың қыркүйегінде басталады

"Халықтық IPO" бағдарламасының негізгі мақсаты - әділеттілік пен азаматтардың теңдігін қамтамасыз ете отырып, ірі ұлттық компаниялардың акциясын сатып алу мүмкіндігін беру арқылы халықты жергілікті қор нарығына қатыстыру болып табылады.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - "Халықтық IPO" бағдарламасы 2012 жылдың қыркүйегінде басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Халықтық IPO" ауқымды жобасы Елбасы Н.И.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген және 2012-2015 жылдарға жоспарланған.

"Халықтық IPO" бағдарламасының негізгі мақсаты - әділеттілік пен азаматтардың теңдігін қамтамасыз ете отырып, ірі ұлттық компаниялардың акциясын сатып алу мүмкіндігін беру арқылы халықты жергілікті қор нарығына қатыстыру болып табылады.

Айта кетерлігі, ақпараттық науқан жобаның жүзеге асырылуына және жемісін беруге үлкен ықпал етеді. Бүкіл халықты ақпараттандыру үшін барлық қалалар мен елді мекендерде трансфер-агенттік немесе брокерлік қызмет көрсетуші "Қазпошта" АҚ желісі болып таңдалды.

Ең алғашқы акциялар 2012 жылдың қыркүйегінде нарыққа шығарылады. Ол "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай операторының активтері болады. Келесі жылдары "KEGOC", "ҚазТрансГаз", "Самұрық-Энерго", "Қазтеңізкөлікфлоты", "Air Astana", "Қазақстан темір жолы", "ҚазМұнайГаз" және "Қазатомөнеркәсіп" компанияларының акциялары KASE-де сатылымға шығарылатын болады.

Қазақстандағы "Халықтық IPO" бағдарламасы бірқатар ұстанымдар негізінде іске асырылмақ. Мысалы, акциялар тек Қазақстанның қор биржасында орналастырылатын болады. Қазақстан Республикасының азаматтары және жергілікті зейнетақы қорлары ғана IPO кезінде акцияларды сатып алу құқығына ие болады. Алғашқы орналастыру акциялардың миноритарлық пакеттерімен жүзеге асырылады, жалпы үлесі 15%-дан аспайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны