17.05.2012, 10:52 3124

"Халықтық IPO" бағдарламасының аясында эмитенттердің 15 пайыздан аспайтын акциялары сатылымға шығарылады

ҚР Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" Қоры үміткер-компанияларды орналастыруға дайындау және ақпараттық-түсіндіру науқаны жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ның ақпараттық-талдау департаментінің директоры Марат Иубәкіров.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today "Халықтық IPO" бағдарламасының аясында эмитенттердің 15 пайыздан аспайтын акциялары сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" Қоры үміткер-компанияларды орналастыруға дайындау және ақпараттық-түсіндіру науқаны жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ның ақпараттық-талдау департаментінің директоры Марат Иубәкіров.

"Халықтық IPO" қазақстандықтарға отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін бере отырып, инвестиция салудың жаңа тетігін жасайды және қазақстандық құнды қағаздар нарығын әрі қарай дамытуға серпін береді",- деді М.Иубәкіров.

Оған қоса, бұл бағдарлама ұлттық компаниялардағы корпоративтік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге және олардың деңгейін көтеруге бағытталып отыр.

Сондай-ақ IPO-ны жүргізудің мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық актілерге өзгертулер енгізіліп отыр. Сәйкес заң жобасы 2011 жылдың желтоқсанында ҚР Парламентінің қарауына енгізіліп, 2012 жылдың қаңтарында Елбасы оған қол қойды. Бүгінгі таңда тарифтік реттеуді жетілдіруге бағытталған нормативтік актілерге өзгертулер әзірленуде, себебі Қордың еншілес және тәуелді компанияларының көпшілігінің қызметі реттеледі.

М.Иубәкіровтің айтуынша, тәуекелдерді азайту мақсатында компанияларға объективті инвестициялық бағалар берілген, компаниялардың корпоративтік басқармасы жоғары стандарттарға сәйкестендірілген, орналастыру үшін ыңғайлы компаниялар іріктелген.

Естеріңізге сала кетейік, "Самұрық-Қазына" қоры акциялары алдағы бірнеше жыл бойына кезең-кезеңмен орналастырылатын компанияларды іріктеді. Атап айтқанда, 2012 жылдың күзінде нарыққа "ҚазТрансОйл"АҚ, ал 2013 жылы - "КЕГОК" компаниясы шығатын болады. Одан кейін - "КазТрансГаз", "Қазтеңізтрансфлот", "Самұрық-Энерго", "Қазақстан темір жолы" және "Қазтеміртранс" компаниялары. IPO бағдарламасына тартылатын компаниялардың бұл тізімін "ҚазМұнайГаз" және "ҚазАтомӨнеркәсіп" түйіндейді.

Айта кету керек, акцияларды тек Қазақстандық қор биржасына орналастыру қарастырылған, акцияларды тек Қазақстанның азаматтары және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы компаниялары сатып ала алады. Және акциялар еліміздің ең бақуатты азаматтарының қолдарында ғана шоғырлану тәуекелін азайту мақсатында сатылымға компаниялардың қарапайым акцияларының 15 пайыздан астам үлесі ғана шығарылатын болады.

Бағдарламаның табыстылығын анықтайтын факторлардың бірі - халықтың қаржылық сауаттылығы және олардың "Халықтық IPO" туралы кеңінен хабардар болуы. Қазіргі таңда Бағдарламаның мақсаттары, акциялар сатып алу кезінде орын алатын мүмкіндіктер мен тәуекелдер туралы халықты хабардар ету жөніндегі іс-шаралар кешені жасалып отыр.

"Қазақстандық Қор биржасымен және құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен (брокерлер, трансфер-агенттер) бірлесе отырып, оқыту бағдарламасы жасалды. Қоғам қайраткерлері мен қаржы нарығы сарапшыларынан тұратын пул жасақталды, олар ағымдағы жылдың 15 мамыры мен 31 қыркүйегі аралығында барлық облыста 311 оқыту лекциясын және 980 көшпелі таныстырылым өткізеді",- деді М.Иубәкіров.

Оған қоса, "Қазпоштаның" желілерде Бағдарлама туралы ақпараттар берілетін және трансфер-агенттік, брокерлік қызметтер көрсетілетін ақпараттық пункттер ашылады. Ир өңірде облыстар және Астана мен Алматы әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде жауапты тұлғалар анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны