25.05.2012, 13:42 3447

"Халықтық IPO" Қазақстан экономикасын дамытудың маңызды міндеті болып табылады

Қазақстандағы "Халықтық IPO" бастамасы дер кезінде қолға алынып отырған маңызды іс болып табылады, деп хабарлады "PricewaterhouseCoopers" компаниясы басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Дональд Алмейда Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - "Халықтық IPO" Қазақстан экономикасын дамытудың маңызды міндеті болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандағы "Халықтық IPO" бастамасы дер кезінде қолға алынып отырған маңызды іс болып табылады, деп хабарлады "PricewaterhouseCoopers" компаниясы басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Дональд Алмейда Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

"PwC компаниясы Қазақстанда жай дамып және өсіп отырған жоқ, ол Қазақстанның экономикасына өз үлесін қосуда. Негізгі стратегияларды іске асыруда ел Үкіметі мен Президентіне одан әрі көмектесуге және "Самұрық-Қазына" компаниясына сенімді бизнес-серіптес болуға ниеттіміз", - деді Дональд Алмейда.

Ол сондай-ақ, халыққа ұлттық компаниялардың акциялар пакетін сатып алу мүмкіндігі беріліп отырған "Халықтық IPO" бастамасының маңыздылығын және оның жер кезінде қолға алынып отырған шара екенін атап көрсетті.

"Халықтық IPO" - Қазақстанның жетекші және стратегиялық бастамаларының бірі және біз оған белсенді атсалысудамыз. Бұл шараның маңыздылығын біз түсінеміз және оны табысты ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз",- деді Д.Алмеда.

PwC компаниясы өкілінің айтуынша, акцияларды орналастырудың нәтижесінде экономика үлкен пайда көретін болады. Бұл бастама Қазақстанның дамуындағы маңызды стратегиялық қадам болып табылады.

Д.Алмеда өз сұхбатында сондай-ақ PwC компаниясындағы кадрлық әлеуеттің дамуы туралы әңгімелеп берді. "5 жылда біз 1 мыңға жуық қазақстандық маманды оқыттық, біз оларды компанияның әлем елдеріндегі өкілдіктеріне оқуға жібердік. Және бұл шара оларға үлкен халықаралық тәжірибе беріп отыр", - дейді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны