06.12.2012, 15:54 2829

"Халықтық ІРО" бағдарламасы бойынша "ҚазТрансОйл" акцияларын сатып алуға 25 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін "ҚазТрансОйл" компаниясының қарапайым акцияларын сатып алуға өтініштер қабылдау мерзімі аяқталды, оның қорытындысы бойынша 25 218 өтініш түсіп отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Алматы. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Халықтық ІРО" бағдарламасы бойынша "ҚазТрансОйл" акцияларын сатып алуға 25 мыңнан астам өтініш түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін "ҚазТрансОйл" компаниясының қарапайым акцияларын сатып алуға өтініштер қабылдау мерзімі аяқталды, оның қорытындысы бойынша 25 218 өтініш түсіп отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

"Халықтық ІРО" бағдарламасының аясында құнды қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығарылатын "ҚазТрансОйл" компаниясының қарапайым акцияларына жүргізілген жазылудың алдын-ала қорытындысы бойынша, барлығы 18,7 млрд. теңге сомаға 25 218 өтініш берілген", - делінген бүгін таратылған хабарламада.

Оның ішінде, Қазақстан азаматтарынан - 25 207, Ұлттық зейнетақы қорлары мен маркет-мейкерлерден - 11 өтініш түскен.

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның мәліметтері бойынша, жеке тұлғалардан түскен өтініштің сомасы - 18,7 млрд. теңгені құрап отыр, бұл жайғастырылатын акциялар сомасының 67%. Жеке тұлғалар тарапынан түскен өтінімнің орташа сомасы 740 мың теңгені құрайды.

Жазылу кезеңінде өтініш беріп үлгермеген азаматтар Қазақстан қор биржасында екінші сауда ашылғаннан кейін, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап сатып ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, "ҚазТрансОйл" - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының еншілес ұйымы, ол еліміздегі ірі мұнай тасымалдаушы компания. Ол елімізде өндірілетін жалпы мұнай өнінің 59% экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны