06.12.2012, 16:45 3206

"Халықтық ІРО" бағдарламасы бойынша облыстар белсенділік көрсетіп отыр

"Халықтық ІРО" бағдарламасына қатысушылардың белсенділігі қалаларға қарағанда, селолық өңірлерде жоғары болды, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бішімбаев бүгін "ҚазТрансОйл" акцияларын сатып алуға өтініштер қабылдау кезеңінің аяқталуына арналған баспасөз мәслихатында.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Халықтық ІРО" бағдарламасы бойынша облыстар белсенділік көрсетіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Халықтық ІРО" бағдарламасына қатысушылардың белсенділігі қалаларға қарағанда, селолық өңірлерде жоғары болды, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бішімбаев бүгін "ҚазТрансОйл" акцияларын сатып алуға өтініштер қабылдау кезеңінің аяқталуына арналған баспасөз мәслихатында.

"Халықтық ІРО" бағдарламасына қатысушылардың белсенділігі қалаларға қарағанда, селолық өңірлерде жоғары болды, яғни, біз Астана мен Алматы қалаларынан гөрі, облыс орталықтарынан көп өтініштер түсті" -, деді Қ.Бішімбаев.

Оның айтуынша, өңірлік бөліністе Астана мен Алматы қалалары және еліміздің батыс өңірлері көш бастап тұр. Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да жақсы белсенділік көрсеткен.

Оған қоса, барлық өтініштердің бестен бір бөлігі "ҚазТрансОйл" компаниясының қызметкерлерінен түскенін айта кету керек. Бұл қызметкерлердің өз компанияларына деген сенімдерін көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны