17.07.2014, 20:58 11526

Халықтың 88,9%-на су тартылды - Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі

Агенттіктің мәліметі бойынша, 2009 жылы халықтың 82%-на, 2012 жылы 87,7%-на, ал 2013 жылы 88,9%-на су құбыры суы тартылды.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. 2013 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үлесі 88,9%-ға жетті, - деп ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінен хабарлады.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 2009 жылы халықтың 82%-на, 2012 жылы 87,7%-на, ал 2013 жылы 88,9%-на су құбыры суы тартылды.

Сонымен, "Ақ Булақ" мемлекеттік бағдарламаның арқасында сырттан су таситын халықтың 40 мыңнан астамы бүгінде кепілдендірілген сапалы су құбыры суымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар агенттің сумен қамтамасыз ету сапасы турасындағы мәліметтермен де бөлісті. Тарқатып айтатын болсақ, су құбыры сулары үлгілерінің 1,4%-ы санитарлық-химиялық талаптарға, 1,2%-ы микробиологиялық көрсеткішке сай келмеді. Соңғы мәліметтерді 2012 жылғы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, олар 2 және 1,5% аралығында болса, 2010 жылы олар 2,4 және 1,7% аралығында өрбіді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны