Система Orphus

Халықтың банктердегі салымдары 2014 жылғы мамырда 4277,4 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды - Ұлттық банк

14.07.2014, 20:03 959

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2014 жылғы мамырда 4277,4 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

"Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2014 жылғы мамырда 11522,2 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға (жылдың басынан бері өсу 14,2%-ға) көтерілді. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 7279,6 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға (жылдың басынан беру өсу 17,8%-ға) көтерілді, жеке тұлғалардың депозиттері 4242,5 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға (жылдың басынан беру өсу 8,6 %-ға) ұлғайды", - делінген хабарламада.

Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2014 жылғы мамырда 4277,4 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2019,9 млрд. теңгеге дейін 3,4%-ға өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 2257,5 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеп, халық 4 пайыз салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 46,2%-дан 47,2%-ға дейін ұлғайған.

Хабарламада айтылғандай, 2014 жылғы мамырда мерзімді депозиттер 7791,6 млрд. теңгеге дейін 0,6%-ға төмендеді. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4077,9 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды, шетел валютасымен депозиттер 3713,7 млрд. теңгеге дейін 2,9%-ға азайған.

2014 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 5,6% (2014 жылғы сәуірде 5,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 8,9% (8,9%) болды.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны