22.06.2009, 14:08 2515

Халықтың ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру бағдарламасының жұмыс істеу мерзімін ағымдағы жылдың аяғына дейін ұзарту қажет - Қарағұсова

Халықтың ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру бағдарламасының жұмыс істеу мерзімін ағымдағы жылдың аяғына дейін ұзарту қажет - Қарағұсова

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Халықтың ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру бағдарламасының жұмыс істеу мерзімін ағымдағы жылдың аяғына дейін ұзарту қажет. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде өткен "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"2009 жылдың 1 шілдедесіндегі жағдаймен, біздің мәліметімізше, банктерде ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру жөнінде шамамен 18 мыңдай өтініштер қаралуда. Осыған байланысты біз 1 шілдеге дейін үлгермейтіндіктен, қайта қаржыландыру бағдарламасының жұмыс істеу мерзімін ағымдағы жылдың аяғына дейін ұзарту және мүмкіндігінше, өзіміз уағдаласқандай, егер бұл жалғыз баспана болса, қосымша қаржы бөлу керек шығар деп санаймыз", - деді Гүлжан Қарағұсова Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде.

Депутаттың мәліметінше, қазіргі жағдаймен "БТА Банк" қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының 39,8%-ын, "Қазкоммерцбанк" - 63,9%, "Халық банкі" - 50,6%, "Альянс банк" - 71,9% игермеген.

"Осыған байланысты жүйе құрушы төрт банктің бөлінген қаржыны игеру мерзімінен кешеуілдеу себептерін анықтау қажет деген пікірдеміз", - деді мәжіліс депутаты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны