15.12.2022, 09:32 32581

Халықаралық валюта қоры Қазақстан Ұлттық банкіне кеңес берді

Инфляциялық таргеттеу режимін ұстануға кеңес беріледі
Астана. 15 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2022 жылғы 22 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткен консультация қорытындысы бойынша Персонал есебін (Staff Report) жариялады, онда Ұлттық банк пен Үкіметтің экономиканы қолдау жөніндегі жұмысын бағалап, өз ұсынымдарын берді, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Қазақстанның сыртқы резервтерінің ауқымды көлемі мен уақытында қабылданған шаралар сыртқы күйзелістерді, соның ішінде Украинадағы жағдайдың салдарын жұтуға ықпал етті. ХВҚ миссиясы айырбастау бағамының икемділігіне қатысты Ұлттық Банктің ұстанымына оң баға берді", - деп хабарлады Ұлттық Банк.


Инфляциялық таргеттеу режимін ұстануға кеңес беріледі. Ұлттық Банк өз қызметіне тән емес міндеттерді орындаудан біртіндеп бас тартып, дербестігін нығайта түсуді қамтамасыз етуге тиіс.

Орталық банктің цифрлық валютасын (CBDC) енгізу айтарлықтай артықшылықтарды қамтамасыз ете алады және әлеуетті тәуекелдерді тұрақты бағалауды талап етеді", - делінген хабарламада.


ХВҚ бағалауы бойынша, банк секторы халықаралық санкциялардың салдарын табысты еңсерді. Қаржылық реттеуді күшейтуге оң баға алды.

Банктерде мол капитал бар екені, ал депозиттердің долларлануы төмендеп келе жатқаны аталды. Активтердің сапасына және қадағалау стресс-тесттеріне тұрақты шолулар енгізу тәуекелдерді басқарудың ұтымды тәжірибесі мен банктік дағдарыс тәуекелін төмендету жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Экономикалық орнықтылықты қамтамасыз ет үшін ХВҚ мемлекетті басқаруды жетілдіруге, экономиканы әртараптандыруға және жеке сектордың рөлін арттыруға ерекше назар аударуды ұсынды.

2023 жылы күшіне енетін Бюджеттік қағида барынша сараланған және контрциклді салық-бюджет саясатын жүргізуге жәрдемдеседі. 2023 жылы жүйелі бюджеттік шоғырландыру инфляцияны тежеуге және қажетті әлеуметтік шығысты сақтаған кезде сыртқы буферлерді қолдауға ықпал етуге тиіс", - дейді сарапшылар.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны