05.09.2016, 10:12 2368

Ханчжоуда Қазақстан мен ҚХР экономикалық бағдарламаларын ұштастыру жөніндегі жоспарға қол қойылды

Ханчжоу қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Қытай Халық Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы "Нұрлы Жол" жаӊа экономикалық саясатын және "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуін" салуды ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары шеӊберінде Ханчжоу қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Қытай Халық Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы "Нұрлы Жол" жаӊа экономикалық саясатын және "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуін" салуды ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Құжатқа Қазақстан тарапынан Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, Қытай тарапынан - ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетініӊ төрағасы Сюй Шаоши қол қойды.

Қазақстанныӊ Қытаймен ынтымақтастығыныӊ стратегиялық сипатын және осы елдіӊ инвестициялық әлеуетін ескере отырып, Жоспарды іске асыру екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтыӊ белсенділігін арттруға және кеӊейтуге мүмкіндік береді. Аталған құжат инфрақұрылым, инвестициялар және сауда, өнеркәсіп, көлік және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ айтарлықтай кеӊеюін болжамдайды.

Тараптар автожолдар салуға және Қазақстан аумағындағы автожол инфрақұрылымын жаӊғыртуға, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы-Еуропа және кері бағдар бойынша теміржол магистралін салу мен жаӊғыртуға кәсіпорындардыӊ қатысуын белсенді түрде көтермелеуге ниеттенеді. Одан басқа, құжат екі елдіӊ аумағында, сол сияқты үшінші елдерде логистикалық терминалдарын дамытуда кәсіпорындарға қолдау көрсетуді болжамдайды, үшінші елдер Қазақстан мен Қытайдыӊ экспорттық-импорттық әлеуетін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Тараптар әуежайларға арналған инфрақұрылымды құру және әуе қозғалысын басқару жөніндегі ынтымақтастықты нығайтуға, ақпарат алмасу үшін бірлесіп алаӊдар қалыптастыруға және екі елдегі әуе компанияларыныӊ бизнес жүргізуі үшін қолайлы орта жасау жұмысын жалғастыруға ниеттенеді.

Құжат сауда саласын кеӊейтуге, сауда құрылымын оӊтайландыруға, сауда ауқымын ұлғайтуға, сондай-ақ екіжақты сауда айналымында жоғары технологиялы өнімдердіӊ үлесін арттыруды болжайды.

Қол қойылған Жоспар шеӊберінде, Қазақстан мен Қытай индустрияныӊ жаӊа буын биотехнологиясы, энергияныӊ жаӊа көздері және жаӊа материалдар сияқты салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Елдер инжиниринг, техника және автомобиль өнеркәсібін өндіру саласындағы ынтымақтастық ауқымын кеӊейтуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, құжат туризм және коммуналдық шаруашылық пен сумен жабдықтау жүйелері саласындағы инфрақұрылымды салу аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Қытай тарапы Қазақстанныӊ қалалық жылу және сумен жабдықтау желісін реконструкциялауды және жаӊғыртуды қолдайды.

Жалпы, еӊ алдымен, мемлекет және үкімет басшыларыныӊ тұрақты кездесулері арқылы, сондай-ақ "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" бастамасыныӊ шеӊберіндегі Қазақстан мен Қытайдыӊ бірлескен жобалары бойынша жұмыстыӊ басталуына байланысты, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастыӊ жандана түскенін атап өткен жөн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны