26.10.2017, 16:40 7708

"HoReCa" мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындары ұлттық қауымдастығы 2017 жылдыӊ 10 айы бойынша жұмыстыӊ нәтижесін талқылады

"HORECA Қазақстан" қауымдастығыныӊ мүшелері қоғамдық тамақтану орындарындағы көрсетілетін қызмет сапасы мен оныӊ деӊгейін көтеру мәселелері туралы әӊгіме құрды.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында "HoReCa" мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындары ұлттық қауымдастығы 2017 жылдыӊ 10 айы ішінде шағын және орта бизнеске тап болған мәселелер мен нәтижелерді талқылады. Қауымдастық, сондай-ақ, саладағы мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, оныӊ даму болашағын бағалады.

"HORECA Қазақстан" қауымдастығыныӊ мүшелері қоғамдық тамақтану орындарындағы көрсетілетін қызмет сапасы мен оныӊ деӊгейін көтеру мәселелері туралы әӊгіме құрды. Экономиканыӊ басқа салаларына қарағанда, қызмет көрсету саласында жоғары білікті жұмыс орындары ашылып жатыр. Шағын және орта бизнестіӊ басым бөлігі өз ісін қызмет көрсету саласында жүзеге асырады. Қызмет көрсету саласы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығыныӊ дәстүрлі салаларында жұмыспен қамту төмендеген кезде өтемдік рөлді атқарады.

- Ирине, біз қазақстандық мейрамханалардыӊ қызмет көрсету деӊгейіне ерекше назар аударамыз. Бұл, көбінесе, мейрамханаларға қатысты қандай да бір шағымдар жайлы болғанда айтылып жатады. Яғни, тамақ сапасы көп жағдайда өз қонақтарыныӊ көӊілінен шығады, мейрамханалардыӊ әртүрлілігі де тұтынушыларды алаӊдатпайды, мейрамхананыӊ баға қою тәсілімен де байланысты ешбір проблема жоқ - осы тұрғыда мейрамхана саласы қазір өте жақсы дамыған және алуан түрлі - деді Игорь Копайлов.

Қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсету сапасы мен оныӊ деӊгейін арттыру тақырыбынан бөлек, қауымдастық қоғамдық тамақтану орындарында темекі өнімдері мен төменгі қатерлі өнімдерді шегуді реттеу тақырыбын да талқылады.

Күнніӊ суытуымен қоғамдық тамақтану орындарында темекі өнімдерін мекеме ішінде нақты қайда және қалай қолдануға болатыны жайлы қызу пікірталастар қайта туындады. Темекі өнімдерін жекелеген қоғамдық орындарда шегуге тыйым салу туралы заӊ Қазақстан аумағында 2009 жылдыӊ күзінен бастап өз күшінде - ол "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР кодексініӊ" 159 бабы. Алайда, аталған бапта баяндалған ережелер төӊірегінде әлі күнге дейін көптеген дау туып келеді.

- Көптеген келушілер темекі шегуге тыйым салу барлық қоғамдық орындарда емес, тек жекелеген мекемелерде ғана бар екеніне назар аудармайды, - деді "HORECA Қазақстан" қауымдастығыныӊ президенті Игорь Копайлов. - Мәселен, егер аталған мекемеде темекі шегу үшін арнайы бөлінген орын немесе кабина жабдықталған жағдайда, қоғамдық тамақтану орындарында темекі шегуге рұқсат етілген, бұл туралы заӊда нақты айтылған.

Қоғамдық тамақтану орындарында темекі шегу орындарын ұйымдастырудыӊ санитарлық талаптары 2015 жылы Ұлттық экономика министрлігі Денсаулық сақтау министрлігініӊ келісімімен қабылданған. Құжатта көрсетілгендей, мұндай орындар ғимарат ішінде болуы және олар желдеткішпен жабдықталуы қажет, олардыӊ тазалығы мен ретке келтірілуі жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек.

- Қоғамдық тамақтану орныныӊ аумағында темекі шегуге байланысты сұрақтардыӊ көбі келушілерден, - деп түсіндірді Игорь Копайлов. - Біз әріптестермен бірге әрдайым тұтынушылардан мекеменіӊ аумағын жеке аймақтарға бөлуге қатысты ұсыныстар аламыз, бірақ ол үшін көбірек кеӊістік керек. Аймақтарға бөлу бастамасы маӊызды, себебі, күнніӊ суытуымен байланысты қоғамдық тамақтану орнына өз клиенттері үшін мұндай аймақтарды ұйымдастыру немесе арнайы кабиналармен жабдықтау қажет болады.

Жаӊа өнімдерді реттеу мәселесі бойынша "HORECA Қазақстан" қауымдастығыныӊ заӊгері Қуаныш Серкенов өз ойын білдірді:

- Қазіргі таӊда Қазақстанда электронды темекілер мен оны қыздыруа арналған құрылғыларды қолдану сәнге айналды, әрине, никотин тұтынушылары никотин тұтынғанды қалайды, бірақ одан мейлінше аз зиян көргісі келеді. Қазақстанда, өкінішке орай, бүгінгі таӊда заӊдық деӊгейде реттеу жоқ, мұндай шара төменгі қатерлі өнімдерді тұтынушылардыӊ қандай құқықтық алаӊда екенін түсінуге және бізге қоғамдық тамақтану орындарында осы өнімдерді қолдануды қалай реттеуге болатындығы жөнінде көмектесер еді.

Мемлекеттік тексерістерді өткізу тәртібі мен олардыӊ легитимділігі, бизнесті дамытудағы беталыстар мен мейрамхана-қонақ үй ісіндегі оқыту жүйесініӊ жоқтығына байланысты мәселелер секілді тақырыптар жайлы да сөз қозғалғанын айта кеткен жөн. Ирбір бизнес иегері мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметкерлері арасында мамандандырылған білімніӊ жоқтығымен кезігеді, бұл өз ісініӊ ілгері жылжуын қиын жағдайға әкеледі, себебі, Қазақстанныӊ қызмет көрсету нарығында білікті мамандар тапшы.

Қазақстанда қызмет көрсету саласы мен шағын орта бизнес бүгінніӊ өзінде еліміздіӊ ЖІӨ-ніӊ жартысын құрайды, алайда, бұл дамыған елдердіӊ көрсеткіштерінен әлдеқайда төмен. Бизнесмендердіӊ ашық және объективті талқыға салынатын ұсыныстары мен мүддесін елемеу бұл отандық экономиканыӊ дағдарыстан шығуын тежейтін және Қазақстанныӊ әлемніӊ дамыған 30 мемлекеті қатарына ену мақсатын шешудегі тосқауыл болатын бұрыс жол екенін дөӊгелек үстел қатысушылары атап өтті. Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі бағдарлама 2014 жылдыӊ 6 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысыныӊ берген тапсырмасын орындау үшін жасалынған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны