17.04.2024, 17:52 129681

ҚХР-ға теміржол арқылы жүк экспорты 21 пайызға өсті

ҚХР-ға теміржол арқылы жүк экспорты өсті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Қытай бағытындағы темір жол көлігімен экспорттық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1% өсіп, 3,2 млн тоннаны құрады. Достық - Алашаңқай шекара өткелімен Қазақстаннан Қытайға темір жол арқылы 2,2 млн тонна жүк жеткізілсе, өсім 12,3%, ал Алтынкөл - Қорғас арқылы 1 млн тонна (+44,4%) жүк тасымалданды.

Металл кендерінің экспорты - 5,8%, астық - 27,8%, қара металдар - 2,3 есе, мұнай өнімдері - 12 есе, химиялық жүктер-88,3%, түсті металдар 59,5% ұлғайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны