Система Orphus

ҚХР-да 554 мың қазақстандық туристер болды

16.05.2019, 20:58 5401

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Премьер-министрдің бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Алматы қаласындағы ҚР мен ҚХР аймақаралық ынтымақтастығының ІІ форумында Қытаймен өнеркәсіптік кооперацияны белсенді дамыту қажеттігі туралы мәлімдеді.

А. Смайылов атап өткендей, ҚХР-мен өнеркәсіптік кооперация үшін негізгі салалар машина жасау, фармацевтика, азық-түлік және химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, металлургия өнеркәсібі және басқалар.

Біздің елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар да белсенді дамып келеді.

Сонымен, Елбасы Н. Назарбаевтың 2015 жылғы ҚХР-на сапары аясында қол қойылғандығының арқасында соңғы үш жылда Қазақстанға 236 мыңнан астам қытайлық туристер келді.

ҚХР-да, өз кезегінде, 554 мың қазақстандық туристер болды.

Іскерлік байланыстарды дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды, қытайлық бизнесмендер үшін визалық рәсімдер жеңілдетілді, тұрақты әуе қатынасы орындалуда.

А. Смайыловтың пікірінше, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Қытаймен өнеркәсіптік кооперацияны белсенді дамыту қажет.

ҚР мен ҚХР ынтымақтастығы жемісін беріп отыр. Мәселен, ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы негіздемелік келісім шеңберінде жалпы сомасы $27,3 млрд. құрайтын 55 жоба іске асырылуда, оның ішінде өткен 3 жылда 10 жоба іске асырылды.

Жақын арада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің арасында индустрияландыру және инвестициялар саласындағы үкіметаралық ынтымақтастық жоспарына қол қою жоспарланып отыр.

Елдер арасындағы тауар айналымын арттыру мақсатында Қазақстан металлургия, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда отандық тауарлардың кең ассортиментін ұсынуға дайын.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрі Ә. Смайылов сондай-ақ екі елдің көлік инфрақұрылымын кешенді дамытпай сауда қатынастарын кезең-кезеңмен дамыту мүмкін еместігін атап өтті.

Оның айтуынша, "Жібек жолының экономикалық белдеуі" "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасымен бірге 2018 жылы Қытай-Еуропа-Қытай бағытында транзиттік контейнерлік тасымалдың 55% өсуін қамтамасыз етті.

2010 жылдан бастап Қазақстанда индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатқанын еске сала отырып, А. Смайылов индустрияландырудың 9 жылы ішінде шамамен 20 млрд.доллар (7,9 трлн. теңге) құрайтын 1250 жоба іске қосылғанын атап өтті.

Бизнес үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған - жеңілдікті қаржыландыру, ұзақ мерзімді лизинг, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, инновациялық гранттар беру.

Бүгін Қазақстанда 12 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) пен 24 индустриялық аймақ жұмыс істейді. АЭА қатысушыларына салықтық жеңілдіктер мен басқа да преференциялар беріледі.

Отандық экспорттаушылар үшін қаржылық (экспорттаушының кредитін сақтандыру, экспортқа дейінгі қаржыландыру, экспорттық саудалық қаржыландыру, қарыздарды сақтандыру) және сервистік қолдау шаралары (талдамалық қолдау, сауда-экономикалық миссияларды, ұлттық стендтерді, шетелде жарнамалық-таныстыру іс-шараларын ұйымдастыру) көрсетіледі.

Тұрақты негізде инвестициялық және бизнес климатты жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Дүниежүзілік Банктің "Дуинг бизнес" рейтингісінде Қазақстан 190 елдің арасында 28-орында (Қытай-46 орында).

Тұтастай алғанда, Қазақстан экономиканы жедел жаңғыртуға, 4.0 индустрияның жаңа технологиялары мен элементтерін енгізуге бағыт алды.

Сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Елімізде қазірдің өзінде "Назарбаев Университеті" және "Инновациялық технологиялар паркі" сияқты инновациялық кластерлер жұмыс істейді, Нұр-сұлтан қаласында IT-стартаптардың жаңа халықаралық технопаркі ашылды.

Осыған байланысты Ә. Смайылов ҚХР-ны өнеркәсіпті цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны