04.05.2007, 16:36 3450

Хромтау - Алтынсарин теміржол желісінің жаңа учаскесі пайдалануға берілді

АСТАНА. 4 - мамыр. Kazakhstan Today. Ийтеке би мен Арқаны қосатын Хромтау - Алтынсарин теміржол желісінің жаңа учаскесі пайдалануға берілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жаңа теміржол желісі Қазақстанның солтүстік (астықты) және орталық (өнеркәсіптік) аймақтарын ресейлік теміржолға шығу қажеттілігін тудырмайтын ең жақын маршрут бойынша еліміздің батысымен жалғайды. Бұл аймақаралық транспорттық-экономикалық байланыстардың оңайлауына мүмкіндік береді, деп санайды Көлік және коммуникация министрлігіндегілер.

Сонымен қатар, Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарынан батысына жүк тасымалдау қашықтығы орта есеппен 1,5 мың шақырымға қысқарады. Ақтау теңіз айлағы арқылы тасымалданатын халықаралық қатынастағы астық, металл және басқа да экспорттық тасымалдардың қашықтығы 2 мың шақырымға қысқарады, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, экспорттық жүктерді Қазақстаннан Балтық және Қара теңіз айлақтарына дейін өткізу үшін жаңа бағыт құрылуда, жүктерді тасымалдау қазіргімен салыстырған орташа есеппен 25 пайызға азаяды, бұл қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Министрліктің баспасөз қызметіндегілер, жалпы ұзындығы 402,6 шақырымға созылатын жаңа Хромтау - Алтынсарин теміржол желісі 2001 жылдың маусымында басталғандығын еске сала кетті. Теміржол құны - 33,065 млрд теңге. Хромтау және Ийтеке би станцияларын жалғастыратын желінің бірінші кешені 2005-жылдың желтоқсанында қабылданды.

Хромтау - Алтынсарин теміржол желісінің жұмыс істеп тұрған бөлігімен 2005-жылы 5500 мың тонна жүк, 2006-жылы - 7882 мың тонна жүк тасымалданды. Осы жол бөлігімен негізінен темір кені, қара металдар, құрылысқа арналған жүктер, астық, жұннай өнімдері мен көмір тасымалданды, деп хабарлайды көлік және коммуникация министрлігіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны