01.10.2012, 16:11 3303

ХВҚ Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды дамытуға гранттар бөледі

Бұл жөнінде Қазақстанның исламдық қаржыландыруды дамыту қауымдастығының төрағасы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің экономикалық кеңесшісі Ерлан Байдәулет исламдық қаржыландыру жөніндегі ІІІ қазақстандық конференция кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Астана. 1-қазан. Kazakhstan Today - ХВҚ Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды дамытуға гранттар бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстанның исламдық қаржыландыруды дамыту қауымдастығының төрағасы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің экономикалық кеңесшісі Ерлан Байдәулет исламдық қаржыландыру жөніндегі ІІІ қазақстандық конференция кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Исламдық қаржыландыру алаңын дамыту керек және бұл үшін аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Исіресе соңғы жылдары. Осы жылдың 17-18 қыркүйегі аралығында Алматыда өте маңызды шара өтті. Ислам даму банкі мен Ұлттық банк Халықаралық валюта қорымен бірлесе отырып, реттеуші ортаны дамыту бойынша шара өткізді. Шақырылған мамандар, олардың таныстырулары үлкен қолдауға ие болуына байланысты біз екі күндік конференцияның жұмысынан үлкен ләззат алдық", - деді Байдәулет.

"Біз жаһандық қаржы институты боп саналатын Халықаралық валюта қорының тарапынан үлкен қолдауды сезіндік. Халықаралық валюта қоры бізге қолдау көрсетті және техникалық көмек, исламдық қаржыландыруды дамытуға гранттық көмек көрсетуге дайын екенін айтқым келеді", - деді экономикалық кеңесші.

Оның айтуынша, бұл саланы дамыту балама инвестицияларды тартуда ғана емес, сондай-ақ айқын экономиканы дамыту үшін де аса қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны