20.05.2020, 17:45 4919

Биыл Ақмола облысында жаздық егiс аумағы 4,9 млн га құрайды, оның iшiнде 4,4 млн га - дәндi дақыл

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егудi оңтайлы мерзiмде - 20-25 жұмыс күнi iшiнде аяқтау көзделген.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ақмола облысында егіс науқанының жүргізілу барысын тексерді.

ҚР Премьер-Министрi Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Ақмола облысында көктемгi егiс жұмыстарының жүргiзiлу барысын тексердi.

Биыл Ақмола облысында жаздық егiс аумағы 4,9 млн га құрайды, оның iшiнде 4,4 млн га - дәндi дақыл. Бүгiнгi таңда 581 мың га (жоспардың 13,1%) дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар, 39 мың га астам майлы (15,5%) және 51 мың га мал азығы (28,4%) дақылдары егiлген.

Егiс жұмыстарына шамамен 32 мың бiрлiк ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған, атап айтсақ, 14 мыңнан астам трактор, 16 мың тұқым сепкiш, 1 250 егiс кешенi. Өңiрде көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге 68 мың тонна кепiлдендiрiлген дизель отыны бөлiндi, оның құны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша фермерлер үшiн литрi 165 теңгеге дейiн арзандатылған.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егудi оңтайлы мерзiмде - 20-25 жұмыс күнi iшiнде аяқтау көзделген.

Үкiмет басшысы Сандықтау және Ақкөл аудандарының алқаптарындағы егiс жұмыстарымен, жергiлiктi ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының материалдық-техникалық базасымен, дәндi және жем-шөп дақылдарын өңдеу және тазалау, сондай-ақ ет және сүт өнiмдерiнiң өндiрiсiн кеңейту жобаларымен танысты.

"Ауыл - ел бесiгi" жобасының iске асырылуын бақылау аясында Премьер-Министр Сандықтау ауданының Максимовка және Балкашино ауылдарында, сондай-ақ Ақкөл ауданының Еңбек ауылында болып, онда әлеуметтiк инфрақұрылым нысандарын - абаттандырылған тұрғын үйлердi, денсаулық сақтау, бiлiм беру және спорт мекемелерiн аралап көрдi.

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң көлемi осы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 2019 жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiшпен салыстырғанда 3,5%-ға өстi. Өңделген ет өндiрiсi 22,1%-ға (19 мың тонна), сүт өнiмдерi 0,4%-ға (26 мың тонна), ұн 29%-ға (122 мың тонна) және өсiмдiк майы 42,1%-ға (8 мың тонна) өстi.

Ақмоланың ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлерi елорда тұрғындарын ет және сүттiң шамамен үштен бiр бөлiгiмен (33% және 34%-ға), тағамдық жұмыртқамен - 94%-ға қамтамасыз етедi. Өңiрде ет фермаларын құру жобалары жүзеге асырыла бастады, барлығы 7600 бас асыл тұқымды iрi қара мал сатып алумен 111 ет фермасы салынады. 2400 бас iрi қара малға арналған 18 сүт-тауар фермасын ашу жыл сайынғы сүт өндiрiсiн кем дегенде 40 мың тоннаға арттыруға мүмкiндiк бередi.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны