26.04.2011, 17:06 4711

І тоқсанда ІЖӨ 6,5 пайызды құраған

І тоқсанда ІЖӨ 6,5 пайызды құраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 26 - сәуір. Kazakhstan Today - І тоқсанда ІЖӨ 6,5 пайызды құраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, алдын ала жасалған бағам бойынша, биылғы бірінші тоқсандағы еліміздегі ІЖӨ-нің өсімі 6,5 пайыз болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

"Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7,1 пайызды құрады",-деді ведомство басшысы.

Атап айтқанда, есепті кезеңде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6 пайызға, өңдеу секторындағы өсу қарқыны 8 пайызға, ал кен өндіру саласындағы өсім 5 пайызға жетті. Министрдің сөзіне қарағанда, 2011 жылдың бірінші тоқсанында отандық экономиканың даму үрдісінің оң қарқыны сақталды.

Фото: profi-forex.org.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны