03.05.2012, 09:17 3142

І тоқсанда металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі артты

"2012 жылдың І тоқсанында металлургия өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі 457 489 млн. теңгені құрады, ал нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,4 пайызды шамалады", - делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылдың І тоқсанында металлургия өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі 457 489 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2012 жылдың І тоқсанында металлургия өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі 457 489 млн. теңгені құрады, ал нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,4 пайызды шамалады", - делінген ведомство хабарламасында.

Оның ішінде, қара металлургия өндірісінің көлемі 175 940 млн. теңгені, негізгі бағалы және түсті металдар өндіру көрсеткіші - 279 515 млн. теңгені (НКИ-106,9 пайыз), металл құюдағы өндіріс көлемі -2 034 млн. теңгені (НКИ -119 пайыз) құрады. Ал машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдардың өндірісі 26 529 млн. теңге (НКИ-111,6 пайыз) болды.

Статистика агенттігінің ақпараты бойынша, І тоқсанда кен өндіру өнеркәсібі мен карьер қазудағы өндіріс көлемі қолданыстағы бағамен 2 630 800 млн. теңгені құрады, НКИ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,8 пайызды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны