06.08.2012, 18:21 3152

І жартыжылдықта тұрғын үй құрылысына 169 млрд теңгеден астам инвестиция салынды

"2012 жылдың қаңтар-маусым айларында қаржыландырудың барлық көздерінен 169,1 млрд теңге тұрғын үй құрылысына инвестиция салынған. Бұл 2011 жылдың осы кезімен салыстырғанда 93,3% көп", делінген агенттік хабарында.

Астана. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанды 2012 жылдың І жартыжылдығындағы тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 169,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2012 жылдың қаңтар-маусым айларында қаржыландырудың барлық көздерінен 169,1 млрд теңге тұрғын үй құрылысына инвестиция салынған. Бұл 2011 жылдың осы кезімен салыстырғанда 93,3% көп", делінген агенттік хабарында.

Жалпы көлемі 3037,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2011 жылғы осы мерзіммен салыстарғанда 114,3% көп.

Тұрғын үй құрылысын инвестициялауды аумақтар бойынша алсақ: Ақмола облысында - 4,2 млрд теңге, Алматы облысында- 39,5 млрд, Атырау облысында - 15,1 млрд, Жамбыл облысында - 3,3 млрд, БҚО - 5 млрд, Қостанай облысында - 6 млрд, Қызылорда облысында - 4 млрд, Маңғыстау облысында - 9,1 млрд, СҚО - 1,6 млрд және ШҚО - 5 млрд теңге.

Сондай-ақ, Алматыда тұрғын үй құрылысына 29 млрд теңгеден астам, Ақтөбе облысында - 11,2 млрд, Қарағанды облысында - 8,2 млрд, Астанада - 18,4 млрд, Павлодар облысында - 2,7 млрд және ОҚО - 5,7 млрд тенге ге инвестиция салынған.

Ақпаратта айтылғандай, үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында қаржыландыру барлық көздері арқылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі Оңтүстік Қазақстан облысында 2 есе және Павлодар облысында 2,5 есеге өскен.

Бұдан басқа, жұртшылықтың қаражатына 1541,4 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы салынған, бұл республикадағы жалпы тұрғын үй құрылысының 50,7% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны