04.07.2011, 15:12 3215

ICIEC Қазақстанда инвестициялық жобаларды сақтандыруды бастамақ

"KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, KAZNEX INVEST агенттігінің өкілі - Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бойынша қызмет менеджері Ибілқайыр Болатбаев үстіміздегі жылдың 26-28-маусым аралығында Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен Ислам даму банкінің жыл сайын өтетін басқарушылар тобының 36-шы жиналысы аясындағы шараларға қатысып қайтқан.

Алматы. 4-шілде. Kazakhstan Today - Инвестициялар мен экспорттық несиелендіруді сақтандыру жөніндегі ислам корпорациясы (ICIEC) Қазақстанда инвестициялық жобаларды сақтандыруға кірісуге әзір, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, KAZNEX INVEST агенттігінің өкілі - Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бойынша қызмет менеджері Ибілқайыр Болатбаев үстіміздегі жылдың 26-28-маусым аралығында Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен Ислам даму банкінің жыл сайын өтетін басқарушылар тобының 36-шы жиналысы аясындағы шараларға қатысып қайтқан.

Іс-шара аясында И. Болатбаев ICIEC корпорациясының инвестицияларды сақтандыру жөніндегі блогының басшысымен кездескен. "Кездесу нәтижесінде KAZNEX INVEST агенттігі инвестициялық жобаларды мүмкіндігінше сақтандыру үшін ICIEC мамандарына жолдай алатындығы туралы келісім жасалды",- деп атап көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны