06.09.2006, 12:47 2845

"Имсталькон" мен "ТиссенКрупп" компаниялары металл құрылғыларды өндіру және өңдеуші бірлескен кәсіпорын құруға келісті

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Имсталькон" АҚ мен Германияның "ТиссенКрупп" компаниясы металл құрылғыларды өндіру және өңдеуші бірлескен кәсіпорын құруға келісті, ол Ақтауда орналасатын болады. Бұл туралы "Қазына" қорының баспасөз қызметі құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Таяу уақыттарда "Имсталькон" мен "ТиссенКрупп" компанияларының өкілдері шпунтты қабырғалар өндірісіне арнап жер таңдау үшін Ақтауға барады. Бірлескен кәсіпорын Ақтауда шпунтты Ларсон қабырғаларын өңдейтін өндіріс құруды көздеп отыр. Бірінші кезеңде ТиссенКрупп компаниясы әкелетін қабырғаларды дәнекерлеу, тот басуға қарсы өңдеу және бояу секілді өңдеу жұмыстары қарастырылған",- дейді баспасөз қызметі.

"Қазына" қоры өкілдерінің ақпаратына сәйкес, алдағы уақытта болаттан құйылған қабырғаларды уақытша сақтайтын қойма құру жоспарланған. Олар теңіздегі бұрғыланатын үйме аралдарды салу мен Ақтауда дербес қабырға өндірісін салу үшін пайдаланылады.

Сонымен бірге ТиссенКрупп компаниясына теңіздегі бұрғылау жұмыстарына арнап бұрғылау қондырғыларын өндіретін бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны