02.07.2014, 20:42 4395

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығының қорытындылары Қазақстан үшін ерекше мәнге ие - Н.Назарбаев

Оған қоса, Президент индустрияландырудың екінші бесжылдығының жаңа жобаларын таныстыру - ағымдағы жылдағы Үкімет пен әкімдердің жұмыстарының маңызды аралық қорытындысы екенін баса айтты.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы бағдарламасын (ИИДБ) жүзеге асыру қорытындылары бес жылда индустрияландырудың екінші бесжылдығын бастау үшін "бастапқы бағыт" ретінде аса үлкен мәнге ие болды, деп атап өтті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландырудың жаңа мемлекеттік жобаларын іске қосуға арналған телекөпір басталардың алдында.

"Енді басты мақсат 2050 жылға бет алған сәтте өзіміз бастаған бастапқы бағыттар аса маңызды. Кез келген жол алғашқы қадамнан басталады, сондықтан 2014 жылдың алғашқы қортындылары біз үшін аса маңызды. Жарты жылдықтың басты нәтижесі мына қарапайым шындықта: Қазақстан экономикалық өсімнің қажетті динамикасын жинауда. Илем экономикасының қалпына келуі баяу жүріп жатқанын ескеретін болсақ, бұл өте маңызды. Көптеген сарапшылар түйіндегендей, 2014 жыл жаһандық экономикалық өсімнің ұстамды болжамдарын берді", - деді Н.Назарбаев.

Оған қоса, Президент индустрияландырудың екінші бесжылдығының жаңа жобаларын таныстыру - ағымдағы жылдағы Үкімет пен әкімдердің жұмыстарының маңызды аралық қорытындысы екенін басып айтты.

"Жаңа Үкіметтің жұмысына таяуда 100 күн болады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жасалған жұмыстың баяндамаларын тыңдаймыз деген ойдамын", - деп толықтырды Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы ИИДБ жүзеге асыру әлі де ел экономикасының құрылымына жеткілікті әсер еткен жоқ, алайда бірінші бесжылдықта жағымды нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны