02.07.2014, 20:39 3458

Индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру қазақстандық экспортты 300 тауар түріне дейін арттыруға мүмкіндік береді

АДБ сарапшыларының мәліметінше, бүгінде Қазақстан 127 тауар түрін ғана экспорттайды екен.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ) екінші бесжылдығын жүзеге асыру қазақстандық экспорт тізімдемесін 127-ден 300 позицияға арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев индустриаландырудың жаңа мемлекеттік жобаларын іске қосуға арналған телекөпір басталардың алдында.

"Қазақстанның экспортталатын тауарлар санын екі еселеуге әлеуеті бар. Бұл Ресей, Чили, Бразилия нарығына шығуға мүмкіндік береді", - деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, АДБ сарапшыларының мәліметінше, бүгінде Қазақстан 127 тауар түрін ғана экспорттайды екен.

Сонымен бірге, табыс деңгейі Қазақстанмен сәйкес келетін Малайзия мен Тайланд секілді елдерде экспортқа шығатын тауар түрлері шамамен 800 тауарға дейін барады.

Сондықтан, ҚР ЭБЖМ басшысының айтуынша, Дүниежүзілік банк пен АДБ секілді ірі халықаралық ұйымдардың ұсынысымен салалардың әртараптандыруына ғана көңіл аударылмай, сонымен қатар сауда әріптестерінің де әртараптандыруы мен тауар түрлері мен экспорт кезіндегі қызметтерді де әртараптандыру маңызды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны