24.12.2007, 18:02 2903

Индустрия министрлігі Қазақстанның 2015 жылға дейінге Технологиялық даму бағдарламасын әзірледі

Индустрия министрлігі Қазақстанның 2015 жылға дейінге Технологиялық даму бағдарламасын әзірледі

Астана. 24-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінге Технологиялық даму бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы бүгін парламенттегі "үкімет сағаты" барысында индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Қазақстанның 2015 жылға дейінге технологиялық даму бағдарламасын әзірледік, оның мақсаты еліміздің технологиялық даму деңгейін көтеру болып табылады",- деді Ғалым Оразбақов.

Аталмыш бағдарлама аясында "өнеркәсіпте заманауи технологияларды пайдалану деңгейі" сияқты факторларға "ерекше көңіл бөлу" қарастырылған. Министрдің айтуынша, "аталмыш бағыт аясында отандық өнеркәсіп өңдеу кәсіпорындарының лицензия мен патенттер сатып алу, конструкторлық құжаттамаларды әзірлеу шығындарын қаржылындыру қарастырылған".

Сондай-ақ ғылыми-техникалық инфрақұрылымның дамуына да аса назар аударылады. "Егер дүниежүзіндегі кәсіпорындардағы дайын өнімді енгізудің орташа мерзімі 6 ай шамасында болса, Қазақстанда кәсіпорындар құрал-тетіктер базасының жоқтығына байланысты 1 жылдан 2 жыл аралығында енгізеді. Сондықтан да біз бағдарлама аясында жеке секторлармен бірлесе отырып бес конструкторлық бюро және бір инжинирингтік ұйым құруды қарастырдық",- деп хабарлады Ғалым Оразбақов.

Сонымен қатар, "экспортты ұлғайтуға да ерекше назар аударылмақ". "Министрлік келесі жылы 300 экспорттаушы кәсіпорынның экспорттық әлеуеттілігіне диагностика жүргізіп, отандық шикізат емес өнімдерді экспорттаушылар реестрін құратын болады",- деп хабарлады Ғалым Оразбақов.

"Жалпы, 2015 жылға дейін бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен және басқа да қаржыладыру көздерінен 154 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Осыған дейін өнеркәсіпті өңдейтін технологиялық модернизациялауға біз ешқашан мұндай қаржы салған емеспіз және де үкімет ешқашан мұндай қаржы бөлуді мақұлдаған емес",- деп атап көрсетті индустрия және сауда министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны