15.10.2007, 18:12 3385

Индустрия және сауда министрі еліміздің коммуналдық нарығындағы ет бағасы өте жоғары деп санайды

Индустрия және сауда министрі еліміздің коммуналдық нарығындағы ет бағасы өте жоғары деп санайды.

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов еліміздің коммуналдық нарығындағы ет бағасы өте жоғары деп санайды және осыған байланысты өңірдегі баға деңгейін әкімдердің қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесіне қамтуды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жеке меншік базарлардағы сиыр етінің бағасы коммуналдық базардағылардан шамалы ғана артық. Олардың арасындағы баға айырмашылығы 4-7% құрайды, ал біз коммуналдық базаларды құрған кезде олардағы тауар бағалары коммерциялық базарлармен салыстырғанда анағұрлым арзан болуға тиіс деген идеологияны ұстанған едік", - деді Ғ. Оразбақов.

Бұдан кейін журналистерге берген сұхбатында ол коммуналдық және коммерциялық базарлардағы бағаның айырмашылығы 25 - 30 % деңгейінде болады деп күтілгенін нақтылай кетті.

"Іс жүзінде оның жүзеге аспағанын байқап отырмыз, коммуналдық базарлар коммерциялық базарлар секілді жұмыс істеуде, ал әкімшіліктер оларға дотация бөліп отыр", - деді министр. "Бұл жұмыстардың барысын қадағалап, бақылап отырған ешкім жоқ, коммуналдық базарладағы бағаға қатысты ахуал беталды жіберілген", - деп санайды индустрия және сауда министрі. Осыған байланысты ол коммуналдық базардардағы бағаға қатысты ақпаратты "Қазагромаркетинг" АҚ-ның анықтамалық-ақпараттық жүйесіне қамтуды, сондай-ақ, "өңірлік инфляция көрсеткіштері, негізгі азық-түлік өнімдерінің баға индексі, халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуі мен коммуналдық базарлардың санын әкімдердің жұмысын рейтингтік бағалау жүйесіне енгізуді" ұсынды.

Ғ.Оразбақов қалыптасқан ахуалдан шығудың бір жолы - ет және басқа да ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өздерін қалаларда өз беттерімен сауда-саттық жүргізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету деген пікірде. "Нан бағасымен салыстырғанда, еттің бағасы алыпсатарлар мен көтерме саудашылардың баға үстемесіне үлкен ықпалын тигізеді. Соның салдарынан етті сату барысында тауар өндіруші мен тұтынушы арасында алыпсатарлар жасанды жолмен қосатын қосымша маржа түзіледі. Сөйтіп, тұтынушы орта есеппен етті өнім өндірушінің бағасынан 50% қымбат бағаға сатып алады. Бұл жайтқа бірінші кезекте әкімдер назар аударуға тиіс", - деді ол.

"Алыпсатарлар мен базар және дүктендер арасында тығыз байланыс орнағандықтан, бүгінде ет және сүт өндірушілер өз беттерімен сауда базарлары мен дүкендерге шыға алмай отыр. Мұнымен шектелмей, базарлардың жанында жұмыс істейтін санитарлық және мал дәрігерлік қызметтер қалталарын қалыңдатудың қамымен көптеген кезектер мен бюрократиялық кедергілер туғызады", - деген сенімде министр.

Осыған байланысты ол әкімшіліктерге базарлар мен сауда үйлерінің жанында жұмыс істейтін санитарлық және мал дәрігерлік бақылау қызметтерінің санын көбейтуді, жұмыс істеп жатқан базарларда тәуліктік жалға алу шартымен ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне тікелей бөлінетін орындарды көбейтуді ұсынады. "Икімдер базар комитеттерімен бірлесе отырып, базарлардағы орынның 25 %-і ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне бөлінуіне қатысты мәселені дәйектеуі қажет", - деді Ғ. Оразбақов.

"Икімшіліктер бұған қоса облыс орталықтары мен ірі елдімекендерде әрбір аудан орталығының өз аумағында өндірілген азық-түлік өнімдері мен жеміс-көкөніс өнімдерін сата алуына жағдай жасау үшін жер телімдерін бөлу мәселесін шешуі тиіс", -деді минитр. Бұған қоса , оның пікірінше, әкімшіліктер әр апта сайын жұма, сенбі және жексенбі күндері халық тығыз тұратын жерлерде азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкелері мен жылждымалы жәрмеңкелер өткізіп тұруы қажет.

"Сауда саласындағы делдалдардың іс-қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігіне Қазақстанның Базарлар, сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы қауымдастығымен бірлесе отырып, тауарды одан әрі бөлшек саудамен шұғылданатындарға сату үшін көтерме саудагерлерден сатып алушы делдалдарға салық салу, олардың іс-қызметін бақылау және есепке алу жағдайын жақсарту мәселелерін дәйектеп, ұсыныстар енгізу тапсырылды", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны