15.10.2007, 14:17 1734

Индустрия және сауда министрі өсімдік майы импортына салынатын кедендік баж салығын төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайды

Индустрия және сауда министрі өсімдік майы импортына салынатын кедендік баж салығын төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов өсімдік майы импортына салынатын кедендік баж салығын төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңесте мәлімдеді.

"Еліміздің өз ішінде өндірілетін күнбағыс майы сұраныстың 70%-ін қамтамасыз етеді, сонымен бірге, ел ішіндегі май нарығы импортқа салынатын 20 проценттік кедендік баж салығымен қорғалған. Майдың қазіргі бағасы сақтала берсе, осы баж салығын төмендету мәселесін қарастыру қажет деп санаймын", -деді Ғ. Оразбақов.

Министрдің пікірінше, Ресейде "өнім өндірушілердің жасанды түрде тапшылық туғызу және оның бағасын көтеру үшін көтерме сауда қоймаларында өсімдік майын сатпай, қор жасау" деректері анықталған. "Бұл жайттың Қазақстандағы ахуалға да әсер етуін жоққа шығаруға болмайды, өйткені, импорттың 60% жуығы Ресейдің үлесіне тиеді", - деді ол.

Еліміздің индустрия және сауда министрі облыс әкімшіліктері қаржы полициясымен бірлесе отырып, "Қазақстанда да осындай деректе болу мүмкіндігін анықтау жұмыстарын" жүргізуге тиіс деген пікірде.

Ал ауылшаруашылығының вице-министрі Дулат Айтжанов "ел аумағында өндірілетін өсімдік майы ел ішіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алады", деп санайды. "Қазақстанның өсімдік майына деген сұранысы жылына 135 мың тоннаны құрайды, жыл сайын шамамен 170 мың тоннасы өндіріледі. Статистка жөніндегі агенттік мәліметтерінше, ағымдағы жылдың 8 айында Қазақстанда 124 мың тонна өсімдік майы өндірілген, бұл ағымдағы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2 %-ке артық", - деп түсіндірді ол өз көзқарасын.

Ауылшаруашылығы министрлігінің өкілі бағаның өсуін биодизель өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты майлы дақылдардың әлемдік қорының азаюымен байланыстырады. "Өткен жылы дүниежүзінде биодизель өндіру көлемі 1,6 есе өсті, соның салдарынан тек біздің елімізде ағымдағы жылдың 8 айында майлы дақылдардың тұқымдарын экспорттау көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 42%-ке, ал өсімдік майын экспорттау көлемі 70%-ке өсті", -деді Д. Айтжанов.

Оның айтуынша, министрлік осыған байланысты майлы дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайтуға шаралар қолдануда. "Біз келесі жылдан бастап, ішінде майлы дақылдары да бар басымдық берілген дақылдар бойынша мемлекеттік субсидиялар көлемін арттыру мүмкіндігін қарастуды көздеп отырмыз, бұл ауылшаруашылығының өнім өндірушілерін аталған дақыларды егетін алқаптарды ұлғайтуға ынталандыруға тиіс", - деді ауылшаруашылығы вице-министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны