23.01.2008, 17:10 2786

Индустрия және сауда министрлігі қазақ тауарларының экспортына қолдау көрсету бағдарламасына 2010 жылға дейін 3,8 млрд теңге бөлуді сұрады

Индустрия және сауда министрлігі қазақ тауарларының экспортына қолдау көрсету бағдарламасына 2010 жылға дейін 3,8 млрд теңге бөлуді сұрады

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Индустрия және сауда министрлігі қазақ тауарларының экспортына қолдау көрсету бағдарламасына 2010 жылға дейін республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлуді сұрады. Бұл туралы бүгін ҚР индустрия және сауда министрлігінің коллегиясы барысында министрліктің басшысы Ғалым Оразбақов құлағдар етті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Министрлік тарапынан 2007 жылы қазақстан экспортының сыртқы нарықтарға шығуына қолдау көрсету жөнінде арнайы бағдарлама дайындалып, оның негізгі бағыт-бағдары, кейін елдің инновациялық даму стратегиясының жаңа редакциясының жобасына енгізілді", - деді Ғ. Оразбақов.

"Бұл бағдарламалардағы шараларды іске асыру үшін 2010 жылға дейін республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге қарастыру жоспарланған", - деп атап өтті министр.

Министр еске салғанындай, "Қазына" тұрақты даму қорында" экспорттық саланы дамытуға арналған корпорация құрылып, онда отандық кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктері анықталып, сыртқы нарықтағы тұтыну сұраныстары зерттеліп, отандық өндіріс орындары жетекшілерінің кәсіби біліктілігін көтеретін оқу жүйесі құрылатын болады.

Индустрия және сауда министрлігінің басшысы атап өткеніндей, былтыр 2007 жылы "Ютекс"АҚ, "Степногорск подшипник зауыты"АҚ және"Ақтөбрентген" АҚ алғаш рет өткізілген "Отандық дайын өнімді шығаратын үздік экспорттаушы" атты бәйгесінің жеңімпаздары болып атанып, енді мұндай байқау жыл сайын өткізілетін болады деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны