15.01.2014, 19:12 5241

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Ұлттық экспорттық стратегияны дайындады

ҰЭС аясында экспортта басымдылық металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, АӨК салаларына берілген. Сонымен қатар, қазақстандық экспорттың негізгі 12 нарығы белгіленген: Ресей мен оның шекаралас өңірлері, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Армения, Изірбайжан, Грузия, Қытай мен оның батыс өңірлері, Ауғанстан, Иран мен ЕО нарығы.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "KAZNEX INVEST" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігімен бірігіп Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорт стратегиясын (ҰЭС) дайындады, деп мәлімдеді бүгін баспасөз конференциясында "KAZNEX INVEST" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов.

"Желтоқсанның соңында екінші бесжылдық тұжырымдамасын дайындау жұмыстарымен тығыз байланысты экспорттық стратегияны дайындау жұмыстары аяқталды. Екінші бесжылдық аясында Стратегия барлық индустриялық-инновацияның сауда саясаты үшін маркетингтік қызмет атқарады", - деді М.Майкенов.

ҰЭС аясында экспортты қолдаудың басты шаралары Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп шет елдерде сауда-саттық қолдауы желілерін құруға, экспорттаушыларға қаржылық қызметті кеңейту мен транспорттық-логистикалық қызметті жақсартуға жатады.

"Ұлттық ҰЭС елдік экспорттың сапалы құрылымын мақсат етіп, экспорттық бөліктегі шикізаттық тауарлары арттыруға бағытталуы керек", -деген тапсырма берген болатын ертеректе Премьер-Министрдің орынбасары- Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев.

ҰЭС аясында экспортта басымдылық металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, АӨК салаларына берілген.

Сонымен қатар, қазақстандық экспорттың негізгі 12 нарығы белгіленген: Ресей мен оның шекаралас өңірлері, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Армения, Изірбайжан, Грузия, Қытай мен оның батыс өңірлері, Ауғанстан, Иран мен ЕО нарығы.

Айта кету керек, Стратегияны дайындауға әлемнің 100 елінде ұлттық экспорттық стратегия дайындауда тәжірибелері бар Халықаралық сауда орталықтарының сарапшылары тартылды.

Компанияда ҰЭС ары қарай іске асыру үшін экспортты қолдау саласында координацияны күшейту мен "Ұлттық экспорт туралы" Заң қабылдаудың қажеттілігі айтылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны