07.12.2016, 16:34 4248

"Индустрияландыру" акциясы аясында Оӊтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында шаруа қожалықтарыныӊ тәжірибе алмасу семинары өтті

ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Индустрияландыру" акциясы аясында Оӊтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданына қарасты Жаӊа шілік ауылындағы "Жаӊа Жер" шаруа қожалығында семинар өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Индустрияландыру" акциясы аясында Оӊтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданына қарасты Жаӊа шілік ауылындағы "Жаӊа Жер" шаруа қожалығында семинар өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Егемендігімізді ұлықтау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мал және егін шаруашылығында жетістіктерге жетудіӊ жолдарын түсіндіру, бағыт-бағдар беру мақсатында өткен жиынға аудан әкімініӊ орынбасары Ибдіғали Жүнісов қатысып, ширек ғасырлық мерейлі мерекемен құттықтап, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шаруашылық төрайымы Гүлсара Сейітжан осындағы жақында іске қосылғалы жатқан Сүт өӊдеу цехында тыӊ технологиялармен таныстырды. Алдағы уақытта сүт өнімдерін тереӊ өӊдеу арқылы қаймақ, ірімшік т.б. түрлерін дайындап, жуық арада аудан тұрғындарына жергілікті өнімді ұсынатындығын жеткізді. Бүгінде егін және мал шаруашылығымен қатар айналысатын шаруа қожалық өз өнімдерін ауданда ғана емес, еліміздегі ірі компанияларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.

Тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинарда шаруа қожалығыныӊ Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері негізгі тақырыпқа арқау болып, шаруалар өздеріне қажетті көптеген маӊызды мағлұматтарды алып тарқасты.

Агросала қарқынды дамып келе жатқан өӊірде жуырда Отырар ауданыныӊ Темір ауыл округінде "Агро-Азия" ЖШС-ныӊ жүгері өӊдеу, құрама жем шығару кәсіпорыны іске қосылғаны белгілі.

Бұл кешенніӊ ашылуы ауданда жүгері кластерін дамытуға негіз болмақ. Себебі, бұрындары дихандар жинаған өнімдерін ұтымды бағаға сата алмай, жауын астында қалып, кептіре алмай, ала жаздай еткен еӊбегі зая кететін. Енді шаруаларға өнімдерін ысырапсыз жинап алуына және тиімді бағаға өткізу мүмкіндік туып тұр. Көптеген шаруалардыӊ келесі жылы егіс көлемін ұлғайтуына мүмкіндік бар.

Пайдалануға берілген кешенніӊ жалпы жоба құны 619 млн теӊгені құрайды. 5 га жерді алып жатқан кәсіпорында 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сыйымдылығы 10 мыӊ тонналық кешенде болашақта 17 түрлі өнім шығарып, Иран, Қытай елдеріне экспортталатын болады.

Ауданда сондай-ақ, "Отырар Сүт-Ет" СТК бар. Көкмардан ауылында орналасқан өндірістік кооператив сапалы ет пен сүттен бөлек, еліміздіӊ ірі қалаларын "Маяқұм" шұбатымен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінде кооперативте 700-ге жуық түйе, 88 бас сиыр бар. Тәуліктік қуаттылығы - 1,25 тонна шұбат, 900 литр сүт өндіреді. Кооперативке 67 шаруа қожалық мүше. Болашақта ет пен сүтті тереӊ өӊдеуді жоспарлап отыр. Өндірілген өнімдер 6 облыс пен Алматы, Астана қалаларына жеткізіліп, тұрғындарға ұсынылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны