20.09.2011, 17:20 3884

Индустрияландыру бағдарламасын қаржыландыруға 1,6 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді

Бұл туралы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" ХДП-ның жиналысында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

Астана. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға 1,6 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" ХДП-ның жиналысында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға 1,6 триллионнан астам теңге қарастырылды", - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының айтуынша, сондай-ақ "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасын жүзеге асыруға келесі жылы республикалық бюджеттен 51 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Ал білім беру және ғылым саласына - 1 132 миллиард теңге, денсаулық сақтау саласына - 1 303 миллиард теңге, ауыл шаруашылығына - 949 миллиард теңге, тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына - 400 миллиард теңге, "Ақ бұлақ" бағдарламасына - 238 миллиард теңге қарастырылуда.

"Экономикалық өсудің қазіргі оң динамикасы 2011 жылғы республикалық бюджетке өзгерту енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Нақтыланған бюджеттің жобасы "Нұр Отан" партиясының қарауында. Нақтыланған бюджеттік құжаттарда жаңа жағдайда экономиканы дамыту жөніндегі Елбасы міндеттеген барлық тапсырмаларды жүзеге асырудың берік қаржылық негізі жасалып отыр", - деп түйіндеді өз сөзін Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны