06.12.2011, 16:51 3360

Индустрияландыру бағдарламасының басымдықты салаларында форсайт жүргізіледі

Индустрияландыру картасының басымдықты салаларында арнайы "Жол карталары" жасалып, оларда жаңа технологияларды енгізудің кезеңдері мен үдерістері анықталаған. Бұл туралы "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының басқарушы директоры Жұматай Сәлімов Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында мәлім еткен.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Индустрияландыру бағдарламасының басымдықты салаларында форсайт жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Индустрияландыру картасының басымдықты салаларында арнайы "Жол карталары" жасалып, оларда жаңа технологияларды енгізудің кезеңдері мен үдерістері анықталаған. Бұл туралы "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының басқарушы директоры Жұматай Сәлімов Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында мәлім еткен.

"Форсайт - технологиялық болжау. Бұл - әлемнің дамыған елдерінде кең қолданылатын стратегиялық жоспарлау тетіктерінің бірі. Салааралық жоспарға Қазақстандағы бірінші форсайттың нәтижесі кіреді және оны жүзеге асыру басталады" - деді Жұматай Сәлімов.

Атап айтқанда, сараптамалық бағалаудың көмегімен еліміздің ғылыми-технологиялық тұрғыдағы келешек дамуы анықталады. Бұдан былай мемлекет осы технологияларға қолдау көрсетіп, басымдықты негізде қаржыландырмақ.

Ж.Сәлімовтің айтуынша, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басымдықты әр саласы бойынша (машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай секторы, энергетика, кен-металлургиялық өнеркәсіп, т.б.) арнайы "Жол карталары" жасалып, салаларға технологияларды енгізудің кезеңдері мен үдерістері анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны