20.12.2013, 20:20 3287

Индустрияландыру күні аясында Қазақстанның 6 қаласында 4G желісі іске қосылды

Бүгін, 20 желтоқсанда Индустрияландыру күніне орай "Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның алты облыс орталығында, атап айтар болсақ, Ақтау, Ақтөбе, Атырау,Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларында LTE (4G) желісін іске қосты.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін, 20 желтоқсанда Индустрияландыру күніне орай "Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның алты облыс орталығында, атап айтар болсақ, Ақтау, Ақтөбе, Атырау,Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларында LTE (4G) желісін іске қосты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Жылдамдығы жоғары 4G ұтқыр интернет қызметі Қазақстан халқының 30%-ына қолжетімді болып отыр", - делінген хабарламада.

Индустрияландыру күні аясында "Қазақтелеком" АҚ Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларында LTE (4G) жаңа буын деректер беру желісін іске қосты. Мұның нәтижесінде 4G жылдамдығы жоғары ұтқыр интернет қызметі Қазақстан Республикасы халқының 30%-ы тұратын аумақта қолжетімді болып отыр.

LTE (4G) ұтқыр желісі Астана және Алматы қалаларында 2012 жылдың желтоқсанында пайдалануға енгізілген болатын. Кейін желі Алматыға серіктес қалалар - Есік, Қаскелең, Қапшағай, Талғар және Шамалғанда, сондай-ақ 2013 жылдың төртінші тоқсанында Алматы облысының 30-дан астам елді мекенінде қосымша кеңейтілді.

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, "Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2014 жылдың соңына дейін барлық облыс орталықтарын және халық саны 50 мыңнан асатын қалаларды 4G қызметімен қамтып, содан кейін технологияны аудан орталықтарында енгізу жоспарланып отыр.

"Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев бүгінгі таңда ALTEL 4G қызметінің абоненттік базасы 100 мың пайдаланушыға жеткенін атап өтті.

"Төртінші буын желісі" 100 Мбит/с дейінгі барынша жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді. Бұл ілгері буын желілерінде қолжетімсіз болып келген мүлде жаңа сервистерді енгізуге мүмкіндік береді", - деп толықтырды ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны