14.12.2018, 22:04 5220

Индустрияландыру күнінде Елбасына Қазпоштаныӊ фулфилмент-орталықтары таныстырылды

Интернет-дүкендерге тапсырысты ресімдеу, сәлемдемелерді сақтау, өӊдеу және сатып алушыларға жеткізу бойынша қызметтер кешенін көрсететін орталықтардыӊ жобалық қуаттылығы жылына 8 млн. сәлемдеме. Күтілетін экономикалық нәтижесі - жылына 3,6 млрд теӊге.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір режимінде Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы фулфилмент-орталықтарды іске қосты. Олар Қазақстан аумағында электрондық коммерцияны дамытуға бағытталған жобалар қатарында "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеӊберінде құрылған болатын.

Интернет-дүкендерге тапсырысты ресімдеу, сәлемдемелерді сақтау, өӊдеу және сатып алушыларға жеткізу бойынша қызметтер кешенін көрсететін орталықтардыӊ жобалық қуаттылығы жылына 8 млн. сәлемдеме. Күтілетін экономикалық нәтижесі - жылына 3,6 млрд теӊге. Бүгінде Алматы мен Астанадағы фулфилмент-орталықтарында 50-ден астам интернет-дүкенге қызмет көрсетіледі. Олар логистикаға, қойма жалдауға, персонал жалдауға жұмсалатын өз шығындарын және басқа да шығындарды азайтты, сондай-ақ фулфилмент-орталықтарына тауарларды орналастыру арқылы жеткізу мерзімдерін қысқартты.

Сонымен қатар 2017 жылы Қазпошта пошта жөнелтілімдерін сұрыптауға арналған автоматтандырылған желіні іске қосты, оныӊ қуаттылығы тәулігіне 120 мыӊ сәлемдемеге дейін жетеді. 2018 жылы электрондық коммерция орталықтарында шамамен 2 000 шағын және орта бизнес өкілі оқыды. Электрондық коммерция нарығында 42 мыӊ жұмыс орны құрылды. Осылайша, елімізде электрондық сауданы дамытуға арналған инфрақұрылым толықтай қалыптасты.

Сондай-ақ Елбасына ауылдық елді мекен тұрғындары үшін әзірленген "әмбебап агент" таныстырылды. Бұл кабинадан Қазпошта клиенттері пошта байланысы, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласында және ХҚКО-да онлайн режимде қызметтер ала алады. Көрмеде көрсетілген дрондар шалғайдағы елді мекендерге мерзімді баспа басылымдарын жеткізуге арналған. Робот-пошташы - салмағы 20 килограмға дейінгі жүктерді жеткізетін мобильді робот, ол "соӊғы миля" мәселесін шешеді. Pepper робот-консультант Робополис аумағындағы Робопост офисінде консультант ретінде пайдаланылады. Биометрия жүйесініӊ арқасында Pepper келушілерді сәйкестендіре алады және оларға Қазпошта қызметтері мен сервистері бойынша кеӊес береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны