22.02.2010, 16:31 3399

Индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруға қажетті шикізат Қазақстанға импорттық кедендік баж салығы төлемінсіз енгізілетін болады

Индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруға қажетті шикізат Қазақстанға импорттық кедендік баж салығы төлемінсіз енгізілетін болады

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруға қажетті шикізат Қазақстанға импорттық кедендік баж салығы төлемінсіз енгізілетін болады. Қазақстан Республикасының "Инвестициялар туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" тиісті заң жобасы Қазақстан парламентіне ағымдағы жылдың наурыз айында енгізіледі. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен үкіметтік сағаттан кейін журналистерге берген сұхбатында индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ж. Айтжанованың айтуынша, "біртұтас кедендік тариф аясында белгілі бір жабдық түрлеріне баж салығы 1 қаңтардан бастап 10 - 15%-ға дейін өсірілген". "Қазақстандық тауар өндірушілер үшін біз келіссөздер барысында инвестициялық механизм қолданылады деп келістік", - деді вице-министр.

""Инвестициялар туралы" ҚР заңы аясында Қазақстанға инвестициялық жобаларға арнайы нгізілетін жабдықтар преференция тәртібінде, яғни, импорттық кедендік баж салығы төлемінсіз енгізіледі", - деді ол.

"Біз бұл заңнаманы кеңейте түстік, енді бұдан былай ол тек жабдықтарға ғана емес, Кедендік одақ елдерінде өндірілмейтін шикізатқа да қатысты болмақ", - деді Ж. Айтжанова.

Оның түсіндіруінше, бұл механизм Қазақстан Республикасының "Инвестициялар туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен іске асады. Біз оны мәжіліске наурызда енгізгелі отырмыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны