24.02.2014, 19:07 3724

Индустрияландырудың екінші бесжылдығында экономикадағы энергия шығынын 15%-ға азайту жоспарланған - А.Рау

"Екінші бесжылдықта өңдеуші өнеркәсіптегі қосылған жалпы құны өсімін 1,6 есе, өңдеуші кәсіпкерліктердегі еңбек өнімділігінің өсімін 1,5 есеге, шикізаттық емес экспорт өсімін 1,7 есеге өсіріп, экономикадағы энергошығынды 15% азайту көзделген", - дейді А.Рау.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. "Қазақстан-2050" Стратегиясындағы ҚР Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында экономикадағы энергия шығынын 15%-ға азайту жоспарланған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мәлімдеді.

"Екінші бесжылдықта өңдеуші өнеркәсіптегі қосылған жалпы құны өсімін 1,6 есе, өңдеуші кәсіпкерліктердегі еңбек өнімділігінің өсімін 1,5 есеге, шикізаттық емес экспорт өсімін 1,7 есеге өсіріп, экономикадағы энергошығынды 15% азайту көзделген", - дейді А.Рау.

Оның айтуынша, бүгінде базалық саланы дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, атап айтар болсақ бірінші бесжылдықта қолға алынғандар қарқынды даму үстінде.

Сонымен, тамақ өнеркәсібіндегі кәсіпкерліктер мен құрылыс материалдары өндірісіне басымдылық беріледі.

"Келесі бесжылдықта минералды шикізат өндірісін тереңдету бағытында өрбитін болады. Осы бесжылдықта бұл жұмыстарға басымдылық беріп, ендігі бесжылдықта да тереңдетіле түспек", - дейді Альберт Рау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны