15.12.2006, 10:32 3049

Индустриялық - инновациялық стратегияның бірінші кезеңін жүзеге асыруда басты мақсатқа қол жетпеді - Назарбаева

Индустриялық - инновациялық стратегияның бірінші кезеңін жүзеге асыруда басты мақсатқа қол жетпеді - Назарбаева

АСТАНА. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today. 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыру бірінші кезеңінің нәтижесі басты мақсатқа қол жеткізе алмағандығымызды көрсетеді.

Осындай пікірді кеше 2003-2015 жылдары ҚР индустрия-инновациялық стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыру және аймақтық әлеуметті-кәсіпкерлік концепция жасау мәселелері" атты дөңгелек үстел мәжілісі барысында республикалық саяси "Отан" партиясының орынбасары, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева ортаға салды, деп Kazakhstan Today агенттігі хабарлайды.

Статистикалық мәліметтер негізінде жасалған сараптамадан бірінші кезеңде шикізатты емес секторды басып озатын басты мақсат орындалмаған,-деді Д.Назарбаева. Оның айтуынша, "ел экономикасының әлі де мұнай газ кешеніне жіпсіз байланып отырғандығы көзге ұрып тұр". " Нарықтағы шикізаттық емес тауарлардың еншісі 2000 жылғы 6 пайыздан 2005 жылы 5 пайызға төмендеген. 2003-2005 жыл аралығында өндірістің жалпы үстеме құны 547 млн. теңгеден 903 млн теңгеге өскен. Ал өңдеуші өндірісте І ЖӨ 2003 14 пайыздан 2005 жылы 12 пайызға төмендеп кеткен,-деді Д.Назарбаева.

Депутат стратегияда өңдеуші өндірістің жылына орташа есеппен даму көрсеткіші 8-8,4 пайыз болады деп белгіленген еді,-деп еске салды. "Алайда 2002 жылы өңдеуші кәсіпорынның қаңтар-желтоқсан айлары аралығындағы көлем индексі 8,1 пайыз, 2003 жылы 7,9 пайыз, 2004 жылы 8,9 пайыз, 2005 жылы тек қана 6 пайызға жеткен",-деді ол.

Бұған қоса Назарбаева "бүгінгі таңда бюджет қаржысының стратегияны жүзеге асыруда нәтиже бере ме, жоқ па екендігін анықтау мүмкін болмай отыр",-деді.

"Өйткені статистикалық есеп стратегияны жүзеге асыруға қатысушы барлық институционалдық инвесторлардың инвестициялық қызметін нақты көрсете алмайды,-деп түсіндірді ол. Депутаттың айтуынша, "2003-2005 жылдары мемлекеттік бюджеттен стратегияны жүзеге асыру үшін 101,4 млрд теңге бөлінген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны