20.12.2013, 20:10 3067

Индустриялық парк нысандарының арқасында Астанадағы өнеркәсіп өндірісі 3 жыл ішінде 2 есеге өсті

"2010 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 111 млрд теңгені құраса, "Астана - жаңа қала" АЭА Индустриялық паркінің нысандарын салғаннан кейін бұл көрсеткіш 2 есеге өсіп, биыл 202 млрд теңгеге жетті", - делінген хабарламада.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Индустриялық парк нысандарының арқасында 2013 жылы Астанадағы өнеркәсіп өндірісі 2010 жылға қарағанда 2 есеге өсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

"2010 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 111 млрд теңгені құраса, "Астана - жаңа қала" АЭА Индустриялық паркінің нысандарын салғаннан кейін бұл көрсеткіш 2 есеге өсіп, биыл 202 млрд теңгеге жетті", - делінген хабарламада.

Қазір Индустриялық парк аймағына инвестициялық жалпы көлемі 181 млрд теңге болатын 49 жоба бойынша өтініш берілген. Солардың 11-і қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр.

Жалпы, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктер қызметінің нәтижесінде 2010-2013 жылдар аралығында 182 млрд теңгенің тауары мен қызметі өндірілген. Бұл жалпы қалалық тауар шығару айналымының 36%-ын құрайды. 18 млрд теңгеге жетті.

"Тиісінше осы кәсіпкерліктерден түсетін салық көлемі де 18 млрд теңгеге жетті. Бұл аталмыш кәсіпкерліктердің инженерлік инфрақұрылымын өтеуге толықтай жетеді", - дейді әкімдік хабарламасы.

Индустриялық паркке өтініш берген 49 жобаның барлығы 2016 жылдың соңына дейін іске кірісетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны