17.10.2008, 18:51 3104

Инфляцияны әрі кеткенде 10 пайыз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік бар - президент

Инфляцияны әрі кеткенде 10 пайыз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік бар - президент

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Инфляция 8 пайыз деңгейінде, оны әрі кеткенде 10 пайыз деңгейінде ұстап тұра аламыз ғой деген ұстаным бар. Бұл - әлемдік көрсеткіш бойынша рекорд болуы тиіс". Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше республикалық телеарналардың басшыларына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Н.Назарбаев былай деді: "Биыл мен барлық облыстарды аралап шықтым. Жағдайды көріп, таныстым. Ир өңір ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа экспорттық өндірісті жолға қою арқылы ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Илеуметтік-мәдени ошақтар - балабақшалар, мектептер, ауруханалар бой көтеруде. Көпірлер, жолдар, өзге де инфрақұрылымдық нысандар салынуда. Биылғы жылы үйлер былтырғыдан көп тұрғызылатын болады.

Барлық облыста өндіріс көлемі артып келеді. Республиканың 12 облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 1,4 есе болса, Ақмола облысында 17,9 пайызға, Алматы облысында 17,6 пайызға өскен.

Ауыл шаруашылығы өндірісі көлемі 552,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,2 пайызға жоғары".

Облыстарды аралаған сапарында Елбасы осындай өңірлер үшін, республика үшін өзекті мәселелерді уақытында шешуге тапсырма берген. Жалпы алғанда, қысқа барлық өңір дайын. Азық-түлік, отын жеткілікті. Баспана бар. Қысқасы, қыстан қысылмай шығуға толық жағдай жасалған. Өңірлердегі даму үрдісі орнықты деп айтуға негіз жеткілікті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны