30.11.2009, 14:55 6292

Инфрақұрылымдық облигацияларды мемлекеттік кепілдікке көшіру жөніндегі ұсыныс үкіметте қаралуда

Инфрақұрылымдық облигацияларды мемлекеттік кепілдікке көшіру жөніндегі ұсыныс үкіметте қаралуда

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Инфрақұрылымдық облигацияларды мемлекеттік кепілдікке көшіру жөніндегі ұсыныс үкіметте қаралуда. Бұл туралы Қазақстанның Қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Серік Аханов бүгін "Сарапшы 100 - Қазақстан" атты экономикалық форумда мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің пайымдауымызша, кепілдеме туралы шарт емес, одан гөрі жоғарғы институт, дәлірек айтсақ, кепілдік берілген жағдайда зейнетақы қорлары осындай инфрақұрылымдық жобаларға құлшыныспен атсалыспақ, өйткені, қауіпсіздік факторы болады, ірі көлемде төлемдер жасалады да, зейнетақы қорлары пайда табады", - деді С. Аханов.

Ал Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымының орынбасары Алина Алдамбергеннің журналистерге берген сұхбатта атап көрсеткеніндей, "бұл жерде сөз болып отырған мәселе - инфрақұрылымдық облигацияларды күшейту үшін кепілдік беру жайлы болып отыр".

Оның айтуынша, қазір бұл мәселені үкімет қарап жатыр, өйткені, кепілдікті Қаржы министрлігі береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны