04.05.2011, 10:30 3163

Инновация саласында жаңа келісімдер жасалды - баспасөз баяны

Яғни "Қазақстан темір жолы" компаниясының президенті Асқар Мамин мен "Альстом Холдингс" компаниясының вице-президенті Бернар Гонэ Қазақстанда темір жол саласында бағыттамалы электр жетектерді өндіру бойынша бірлескен кәсіпорынды құру тұрғысындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бүгін IV Астана экономикалық форум аясында теміржол саласында бірқатар ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды

Яғни "Қазақстан темір жолы" компаниясының президенті Асқар Мамин мен "Альстом Холдингс" компаниясының вице-президенті Бернар Гонэ Қазақстанда темір жол саласында бағыттамалы электр жетектерді өндіру бойынша бірлескен кәсіпорынды құру тұрғысындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Осы арқылы бірлескен кәсіпорын құрылып, Қазақстан аумағында аталған электр жетектер шығарылатын болады. Бұл өндіріске "Альстом Холдингс" компаниясының өнімдері мен техникалық шешімдері пайдаланылады.

Сонымен қатар, ҚТЖ президенті Асқар Мамин "Систра СА" компаниясының атқарушы вице-президенті Андре Онайзермен Астана-Алматы жоғары жылдамдықты темір жол магистралі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған техникалық мақсатты дайындау бойынша француздық компания тарапынан консалтингтік қызмет көрсетуді көздейтін келісімге қол қойды.

Айта кетейік, бүгінде "Систра СА" компаниясы әлемде жоғары жылдамдықты темір жол байланыстарын орнатуда елеулі тәжірибе жинақтаған компаниялардың бірі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны